12.06.2012, 11:53 3206

Қазақстанда мамыр айында жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрады

Республика экономикасында 2012 жылғы мамырда (бағалау бойынша) 8,5 млн. адам жұмыспен қамтылды.

Астана. 12-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда мамыр айында жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Республика экономикасында 2012 жылғы мамырда (бағалау бойынша) 8,5 млн. адам жұмыспен қамтылды.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 294,9 мың адамға немесе 3,6 пайызға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,8 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 68,1 пайызды) құрады.

2012 жылғы мамырда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 473,6 мың адамды, яғни жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2012 жылғы мамыр айының соңына 70,5 мың адам ("Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасына" қатысатындарды қоспағанда) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,8 пайызын құрады (2011ж. мамырда - 0,8%).

2012 жылғы мамырда бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,3 пайызын құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны