23.02.2013, 13:57 3367

Қазақстанда медициналық білім беруді реформалау көзделген

"Жаңа стандарттар бойынша оқытылған дәрігерлердің жаңа генерациясын құрамыз. Қазақстандағы медициналық білім беруді реформалаудың жедел жобаларын құру шешімі қабылданған", - деді К.Илібек.

Астана. 22-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда екі медициналық университеттің негізінде жаңа стандарттар бойынша дәрігерлер даярлау жобалары жүзеге асырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Қазақстанның диагностикалық орталықтары қауымдастығының отырысында "Ұлттық медициналық холдингі" АҚ-ның басқарма төрағасы Кеннет Илібек мәлім етті.

"Жаңа стандарттар бойынша оқытылған дәрігерлердің жаңа генерациясын құрамыз. Қазақстандағы медициналық білім беруді реформалаудың жедел жобаларын құру шешімі қабылданған", - деді К.Илібек.

Сонымен қатар, ол шетелдік клиникаларда медициналық қызметкерлерді машықтандыру санын арттыруды жоспарлайтынын атап өтті.

"2014 жылы аталған сан аз дегенде екі еселеніп, 2015 жылы үш есеге артады. Алғашқы мамандар тобына Қазақстанда, ТМД-да мол тәжірибеге ие және АҚШ пен Еуропа елдерінде жаңа технологиялармен жаттықтырылған 100 адам кіреді. Ағымдағы жылы 20 маман Питсбургте машытқанудан өтеді", - деп қортындылады К.Илібек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны