19.05.2016, 10:11 3428

Қазақстанда Медициналық қызметкерлердіӊ республикалық спартакиадасы басталды

Аталған спартакиада медициналық қызметкерлер күніне қарай ұйымдастырылды. Оныӊ мақсаты - медициналық қоғамды дене шынықтыру шараларына жұмылдыру және тұрғындардыӊ арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады

Астана. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін ел өӊірлерінде "Біз ұзақ өмір сүрудіӊ белсенді түрі үшін!" атты ұранмен медициналық қызметкерлердіӊ республикалық спартакиадасы басталды. Шара 19 маусымға дейін жалғаспақ.

Аталған спартакиада медициналық қызметкерлер күніне қарай ұйымдастырылды. Оныӊ мақсаты - медициналық қоғамды дене шынықтыру шараларына жұмылдыру және тұрғындардыӊ арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шара аясында мини-футболдан, волейболдан, жеӊіл атлетикадан, үстел теннисінен, армреслингтен, сонымен қатар, арқан тарту, асық, қазақша күрес, қыз қуу, көкпар, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындар бойынша сайыстар өтеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ мәліметінше (әрі қарай - ДДСҰ) физикалық белсенділіктіӊ төмендігінен диабет, жүрек-қантамыр аурулары мен онкоаурулардыӊ асқынуы туындайды, сонымен бірге, әлемде өлім қаупініӊ төртінші маӊызды факторы болып табылады. Дүние жүзінде әрбір үшінші ересек адамныӊ белсенділігі жеткіліксіз екенін айта кеткен жөн.

ДДСҰ-ныӊ анықтамасы бойынша физикалық белсенділік - дене қаӊқа бұлшықеттерініӊ энергия шығынын талап ететін қандай да бір қозғалысқа түсуі. Оған жұмыс уақытындағы, ойын кезіндегі, үй шаруаларын орындау барысындағы, жол жүру, демалыс кезіндегі дене қозғалысы кіреді.

Жұқпалы емес аурулардыӊ таралмауы мақсатында (әрі қарай - ЖЕА) ДДСҰ ЖЕА-ныӊ профилактикасы мен онымен күресу шаралары бойынша 2013-2020 жылдарға арналған жаһандық іс-шаралар жоспарын қабылдады. Аталған жоспарды жүзеге асыру 2025 жылға қарай жүрек-қантамырлар, онкологиялық аурулардан мерзімінен бұрын болатын өлімді қысқартуға, диабет пен семіздіктіӊ таралуын төмендетуге, созылмалы респираторлық ауруларды 25%, сондай-ақ, адамдардыӊ физикалық белсенділігін 10%-ға арттыруға бағытталған 9 жаһандық мақсатты іске асыруға мүмкіндік береді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны