08.10.2015, 16:28 3827

Қазақстанда медқызметкерлердіӊ санаттарын беру мен сертификаттау бойынша жаӊа заӊ нормалары күшіне енеді

2015 жылдыӊ 9 қазанынан бастап денсаулық сақтау саласы мамандарын сертификациялау мен біліктілік санатын беру процедураларын реттеу мақсатында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексініӊ жаӊа нормалары күшіне енеді

Астана. 08 Қазан. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 9 қазанынан бастап денсаулық сақтау саласы мамандарын сертификациялау мен біліктілік санатын беру процедураларын реттеу мақсатында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексініӊ жаӊа нормалары күшіне енеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жоғарыда аталған нормаларға сәйкес, медқызметкерлердіӊ білімі мен машықтарын аккредителген ұйым бағалайтын болады.

2015 жылдыӊ 16 қыркүйегінде ҚР ДСИДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығын ( әрі қарай - ДСДРО) денсаулық сақтау саласыныӊ мамандары біліктілігініӊ сәйкестігі мен кәсіби дайындығын бағалау құқығын беру үшін аккредиттеді. ДСДРО-ға аккредитация туралы куәлік 4 жыл мерзімге берілді.

ДСДРО сарапшылары медқызметкерлерді бағалау жұмысын барлық облыс орталықтары, Астана және Алматы қалаларында өткізетін болады. Үміткерлер оӊ нәтижелі баға алғаннан соӊ, клиникалық практикаға рұқсат алу үшін маманныӊ сертификаты немесе біліктілік санатын беру куәлігін алу мақсатында комитеттердіӊ аймақтық департаменттеріне хабарласа алады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны