11.12.2015, 18:16 4023

Қазақстанда мектеп формасына деген талаптарды күшейтеді

Білім және ғылым министрлігі мектеп формасына деген талаптарды күшейтеді, бұл туралы ҚР БҒМ кеӊейтілген отырысында мәлім болды

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Білім және ғылым министрлігі мектеп формасына деген талаптарды күшейтеді, бұл туралы ҚР БҒМ кеӊейтілген отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқушылардыӊ назарын негізгі сабақтан бөлмейтін және тәртіпке келтіретін қатаӊ киім үлгісін енгізу мақсатында Білім және ғылым министрлігініӊ мектеп формасына деген талаптарын бекіту бойынша құзыреті кеӊейді. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігініӊ кеӊейтілген алқа отырысында атап өтті, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сонымен қоса білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген міндетті мектеп формасына деген талаптарды орындау бойынша ата-аналарға міндеттеме жүктеледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны