18.04.2016, 12:27 3782

Қазақстанда мектеп жасындағы балалардыӊ 75% жуығы гиподинамияға шалдыққан - Г.Иксанова

Қазақстанда әрбір бесінші оқушы қандай да бір дертпен ауырады, ал әрбір үшінші әскерге шақырылушы әскерде қызмет етуге жарамсыз, деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжілісініӊ Илеуметтік-мәдени даму комитетініӊ төрағасы Гүлнар Иксанова еліміздегі бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланған Мәжілістегі Үкімет сағаты барысында

Астана. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда әрбір бесінші оқушы қандай да бір дертпен ауырады, ал әрбір үшінші әскерге шақырылушы әскерде қызмет етуге жарамсыз, деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжілісініӊ Илеуметтік-мәдени даму комитетініӊ төрағасы Гүлнар Иксанова еліміздегі бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланған Мәжілістегі Үкімет сағаты барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз бәріміз балаларымыздыӊ дені сау болғанын қалаймыз. Бірақ, оларды дене шынықтыру сабақтарынан босатады, балалардыӊ компьютер ойындарымен әуестенуіне ата-ана бақылауы әлсіз, мұныӊ бәрі шектен тыс оқу жүктемелерімен одан әрі ушыға түседі. Нәтижесінде, бүгінде мектеп жасындағы балалардыӊ кем дегенде 75% гиподинамияға шалдыққан", - деп атап өтті депутат, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Г.Иксанова дәрігерлердіӊ мәліметтерін келтірді, олардыӊ айтуынша "тірек-қимыл аппараты ауруларыныӊ өсу үрдісі байқалып отыр". Осылайша, оныӊ сөзінше, соӊғы 2 жылда сколиозбен ауыру 2 жарым есеге артқан.

"Ир бесінші оқушы қандай да бір дертпен ауырады. Нәтижесінде, медициналық комиссияға келген әскерге шақырылушылардыӊ тек әрбір үшіншісі ғана шектеусіз әскери қызметпен айналысуға дайын, әрбір үшіншісі қызметке жарамсыз", - деген статистикамен бөлісті Г.Иксанова.

Сонымен қатар, ол қазақстандықтардыӊ арасында зиянды әдеттердіӊ таралуы үш жылдыӊ ішінде төмендей бастағанына назар аударды.

"Үш жылда шылым шегу, ішімдік ішу сияқты зиянды әдеттермен әуестені, Денсаулық сақтау министрлігініӊ мәліметінше, қазақстандықтар арасында төмендеген. Сондай-ақ, семіздік көрсеткіштері де аздап төмендеді. Мәдениет және спорт министрлігініӊ мәліметінше, Қазақстанда халықтыӊ 26,3 % жүйелі түрде спортпен айналысады, алайда мақсатты қамтуға, яғни

25%-ға, 4 облыс Оӊтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маӊғыстау, Ақмола облысы жеткен жоқ", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны