27.03.2007, 16:53 3373

Қазақстанда мектепте білім беру жүйесін жеткіліксіз қаржыландыру көлемі жыл сайын 110 млрд теңгені құрайды - министр

АСТАНА. 27-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстанда мектепте білім беру жүйесін жеткіліксіз қаржыландыру көлемі жыл сайын 110 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біздің есебіміз бойынша, Қазақстанда мектепте білім беру жүйесін жеткіліксіз қаржыландыру көлемі жыл сайын 110 млн теңгені құрайды",- деді министр.

Ол, сондай-ақ, республикада әртүрлі аймақтардағы мектептерді қаржыландыру деңгейінде үлкен айырмашылықтар бар екендігін, атап өтті. "Аймақтарда бір оқушыға шаққандағы есеп бойынша шығын айырмашылығы екі есеге жетеді",- деп атап көрсетті ол. Яғни, министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы бір оқушыға шаққандағы шығын 8,6 мың теңгені құраса, Оңтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 45 мың теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, "шығындары жоғры аймақтарда жақсы білім сапасы байқалмай отыр".

Ж. Түймебаев, "Қазақстандағы бір оқушыға шаққандағы шығынның ЖІӨ 10 мың АҚШ долларынан төмен елдер, атап айтқанда Қытай, Түркия, Ресей, Зимбабве кіретін үшінші топтағы елдерінің орташа шығындарынан төмен" екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, министр үкімет мүшелерінің назарын білім беру саласының қызметкерлер жалақыларының төмендігіне аударды. "Білім беру жүйесіндегі орташа жалақының көтерілгендігіне қарамастан (25 мыңнан 29 мың теңгеге дейін), ол республика бойынша орташа жалақының 64 пайызын ғана құрайды",- деп атап өтті. Қазақстандық мұғалімдер жалақысының адам басына шаққандағы ЖІӨ арақатынасы Ресеймен салыстырғанда төмен қалпында қалып отыр.

Ж. Түймебаев, сондай-ақ еліміздегі оқушылар орнының жетіспейтіндігіне алаңдаушылығын танытты. "Қазақстандағы оқушылар орынының тапшылығы 150 мыңнан асып жығылады, 115-тей мектеп үш ауысыммен жұмыс істеуге мәжүбүр",- деп атап өтті ол.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, үш ауысымдық оқытуды жою және апаттық жағдайдағы мектептерді ауыстыру мақсатында Қазақстан аймақтарында үш жыл ішінде 100 мектеп салынады",- деп еске сала кетті министр. "Үкімет облыстар мен Алматы және Астана қалаларындағы резервтегі мектептер тізімін жасап, құрылыс бағасының есебін әзірлеген. 100 мектептің құрылысын 90 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қажет",- деп қорытындалады ол өз сөзін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны