01.04.2016, 11:56 5460

Қазақстанда мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде онкүндік өтеді

Бүгін Қазақстанныӊ барлық аймақтарында "Дұрыс тамақтану - дені сау ұлтты қалыптастырудыӊ кепілі!" ұранымен мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде онкүндік өткізіледі. Шара 10 сәуірге дейін жалғасады

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанныӊ барлық аймақтарында "Дұрыс тамақтану - дені сау ұлтты қалыптастырудыӊ кепілі!" ұранымен мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде онкүндік өткізіледі. Шара 10 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараныӊ мақсаты - дұрыс тамақтанудыӊ маӊыздылығы жөнінде халықтыӊ, әсіресе мектеп жасындағы балалардыӊ сауаттылығын арттыру, оқу орындарындағы оқушылардыӊ денсаулығын сақтау мен нығайту үшін жағдай жасауға ықпал ету болып табылады.

Онкүндік аясында республиканыӊ алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында медициналық қызметкерлер арасында балалардыӊ, оныӊ ішінде мектеп жасындағы балалардыӊ тамақтану режимі туралы, аурудыӊ алдын алудағы дұрыс тамақтанудыӊ маӊыздылығы жайында, тез даярланатын тағамдар азық-түліктерініӊ кері әсері туралы оқыту семинар-тренингтерін өткізу; диетологтардыӊ, нутрициологтардыӊ, эпидемиолог дәрігерлердіӊ және рационалды тамақтану бойынша медициналық қызметкерлердіӊ қатысуымен балалар консультациясын өткізу; дұрыс тамақтану машықтарын үйрететін жабдықтардыӊ көмегімен интерактивті оқытуды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Балалардыӊ тамақтану режимі мәселелері бойынша денсаулық мектептерініӊ жұмысы жандандырылмақ.

Білім беру ұйымдарында "Мен салауатты өмір салтын таӊдаймын", "Ақылмен тамақтан", "Фаст-фуд - мен үшін емес" тақырыптарында диктанттар мен байқаулар өткізу; "Дұрыс тамақтану пирамидасы", "Дәрумендерге бай азық-түліктер туралы не білемін?", "Фаст-фуд - ағзаға пайдалы ма, зиян ба?" тақырыптарында интерактивті оқыту шаралары, дұрыс тамақтану, ыстық тамақтыӊ маӊыздылығы, тамақтану режимін сақтау, балалардыӊ бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша ата-аналар жиналысын өткізу; "Дұрыс тамақтану. ДДҰ ұсынатын 12 қағида", "400 грамм көкеніс пен жеміс-жидек - денсаулықтыӊ кепілі" тақырыптарында сынып сағаттарын өткізу; мектеп оқушылары арасында физикалық белсенділікті ұлғайту және денсаулықты нығайту мақсатында спорттық жарыстарды ұйымдастыру жоспарлануда.

Мектеп жасында дұрыс тамақтанбау - жүрек-қантамырлары аурулары, онкологиялық аурулар, семіздік пен артық салмақ, қант диабеті ауруларыныӊ даму қаупін тудырып, ерте жастан мүгедектікке шалыну мен өмір сүру ұзақтығын қысқартуға әкеледі.

Онкүндікті өткізу - халықтыӊ дұрыс және рационалды тамақтануы туралы сауаттылығын арттырып, оқушылардыӊ бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны