21.01.2011, 16:41 85673

Қазақстанда мектептер саны азайған

Қазақстанда мектептер саны ,7 пайызға азайған. Бұл туралы ҚР Статистика жөніндегі агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 21 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда мектептер саны ,7 пайызға азайған. Бұл туралы ҚР Статистика жөніндегі агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Статистикалық агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, 2010/2011 оқу жылының басына Қазақстан Республикасында 7755 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеді, олардың 7638 немесе 98,5% мемлекеттік болып табылады. Алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда мектептердің жалпы саны 0,7%-ға төмендеген.

Жалпы білім беретін мектептердің барлық санында бастауыш мектептердің үлес салмағы 12,8%, негізгі - 15%, орта - 68,9%-ды құрайды.Бастауыш мектептердің жалпы санынан 95,7% ауылды елді мекендерде орналасқан, негізгі және орта мектептер бойынша бұл көрсеткіш тиісінше 93,7% және 70,5%-ды құрайды. Күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 2,5 млң астам адамды құрады.

Оқу жылында күндізгі жалпы білім беретін мектептерде балаларды оқыту 9 тілде жүргізіледі: қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, түрік, шешен, неміс, және ағылшын.

Жұмыс істеп тұрған 7646 күндізгі жалпы білім беретін мектептерден (орта және жоғары оқу орындарының жанындағы және арнайы түзету мектептерін қоспағанда) 3828 мектеп қазақ, 1573 - орыс, 58 - өзбек, 14 - ұйғыр, 2 мектеп - тәжік, 7 мектеп - ағылшын тілдерінде оқытады. Бұдан басқа, 2164 мектепте оқыту екі немесе одан көп тілдерде жүргізіледі.

"Мемлекеттік тілдегі жалпы білім беру бағдарламасы көбірек таратылуда. Мектептер санының өсуі және қазақ тілінде оқитын оқушылар санының артуы байқалуда. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқыту тек қана қазақ тілінде жүретін мектептер саны 11 мектепке өсті (0,3%-ға). Қазақ тілінде оқитын оқушылардың үлес салмағы оқушылардың жалпы санынан 70,9% құрады", - деп хабарланған баспасөз релизінде.

Республикада Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту үшін жағдайлар жасалған. 2010/11 оқу жылында республика мектептерінде білім беру бағдарламасы шеңберінде, сонымен қоса факультативті және дербес пән ретінде ұлт тілдерін оқыту ұйымдастырылды, олар: дұнған (4158 оқушы), түрік (2648), поляк (734), ағылшын (741), күрд (341), ұйғыр (4169), корей (148), әзірбайжан (157), татар (135) және басқа ұлттық тілдер.

Бұл ретте агенттіктің хабарлауынша, "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы бойынша 2010 жылы қаңтар-желтоқсанында жалпы республика бойынша 86 жаңа мектеп пайдалануға берілді, онын ішінде 63 мектеп - ауылдық елді мекендерде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны