11.10.2018, 13:45 4157

Қазақстанда мектептерінде "Қосымша ақшалай төлемдер", "мектепке көмек", "қосымша шығындарға ақша жинау" және т.б. түсініктерді жою қажет

Астана қаласыныӊ ата-аналар қауымдастығыныӊ кеӊесі 2017 жылы құрылған.

Астана. 11 қазан. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ ата-аналар қауымдастығыныӊ төрайымы Гүлнәр Омарова 09.10.2018ж брифингте өз сөзінде былай деді:

Астана қаласыныӊ ата-аналар қауымдастығыныӊ кеӊесі 2017 жылы құрылған.

Білім басқармасымен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдыӊ сәуір және мамыр айларында елордалық мектептерде тамақтану сапасын тексеру жөніндегі тәуелсіз комиссияныӊ шығу сапарлары жүзеге асырылды. Комиссия құрамына Басқарма қызметкерлері мен ата-аналар қауымдастығыныӊ өкілдері енді. Тексерулердіӊ қорытындылары бойынша ыстық тамақтандыруды ұйымдастыруды бұзғаны туралы актілер мен хаттамалар толтырылды, олардыӊ негізінде орта мектептердіӊ басшыларына тәртіптік шаралар қолданылды.

Бұдан басқа, міндеттемелерді орындамау салдарынан №10 және 69 мектептердіӊ 2 директорларымен "Socium Pete" ЖШС жеткізушісі арасында келісімшарттар бұзылды.

Сондай-ақ, жаӊа оқу жылыныӊ басталуына дейін ата-аналар қауымдастығы мектептер мен балабақшаларға қабылдау бойынша білім басқармасы комиссиясыныӊ жұмысына белсене қатысты.

83 мемлекеттік мектеп бақылауға алынды. 60 нысан жаӊа оқу жылына 100% даярлықтан өтті және санитарлық-техникалық жағдайлары, жабдықтар және мектеп жиһаздарымен, инженерлік-техникалық қамсыздандырылуы бойынша қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерге сәйкес келді.

Басқа мектептерде жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдыӊ 31 тамызына дейін аяқталды.

Ата-аналар қауымдастығыныӊ Білім басқармасымен бірлескен жұмысына қарамастан бүгінгі таӊда білім беру мекемелерінде әлі де мәселелер бар.

Сондықтан, білім беру қызметтерініӊ сапасын арттыру, ақша жинауды жою үшін келесі ұсыныстарды енгіземін:

1."Білім-инновация" лицейлерінініӊ тәжірибесі негізінде, білім беру ұйымдарыныӊ бірінші басшыларын ротациялау мүмкіндігін қарастыру.

Ир 3-4 жылда білім беру үдерісіне оӊ әсерін тигізетін бірінші басшылардыӊ ротациялануы. Біз директордыӊ да, бас бухгалтердіӊ де әрбір үш жыл сайын ротациялануын заӊдастыруды ұсынамыз.

2. Мектептердегі балалардыӊ тамақтануын, (мәзірлер, рұқсат етілген өнімдер, дайындық шарттары, буфеттердіӊ жұмысы, бағалары), мектеп директорларыныӊ мектеп оқушыларыныӊ тамақтану сапасын бақылау үшін жауапкершілігін арттыруын ұйымдастыруды қарастыру. Тағам дайындау үрдісін бақылау үшін асханаларда бейне камераларды орнату.

3. Азық-түлік жеткізушілері ережелерді бұзатындықтан, балабақшалар мен мектептердегі ас үйге кіргізбейтіндіктен, Денсаулық сақтау басқармасымен мектеп асханаларыныӊ санитарлық нормаларын тексеру (жылына 2 рет жоспарлы тексеріс және азаматтардыӊ өтiнiшi бойынша жоспардан тыс тексеру) жағдайларын қайта қарау. Растаушы актілері бар. Мониторинг нәтижелері бойынша бұзушылықтар үнемі анықталуда.

5. Балалардыӊ қауіпсіздігін тексеру маӊызды, себебі кейбір мектептерде бейнебақылау балалардыӊ беттерін "оқымайды". Бейнебақылауды, бейне сапасын қайта қарауды жүргізу. Турникеттер орнату, өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы күрестіӊ бірыӊғай талаптары. Сонымен қатар, мектептегі мамандандырылған қауіпсіздікті ұйымдастыруды сұраймыз.

6. Мектептер мен балабақшаларды салушылардыӊ жауапкершілігін қатаӊ бақылауға алу, өйткені салушылар банкрот болған жағдайда, кепілдеме кезеӊінде кемшіліктерді жою бойынша өз міндеттемелерін орындамайды.

Ғимараттар күрделі жөндеуді талап етеді, мысалы, 62, 65, 56 мектеп, 77 балабақша.

7. Балалар бақшаларда тәрбиешілердіӊ көмекшілерініӊ тапшылығына байланысты жан басына қаржыландыруды есепке ала отырып, тәрбиешілерге және көмекшілеріне арналған еӊбекақы төлеу механизмін қарастыру.

8. Ирбір мекеме өзініӊ бюджетін мектептіӊ сайтына немесе білім басқармасыныӊ сайтына ұсыну керек. Қаражат қалай және не үшін жұмсалатындығын, яғни қаражатты жоспарлау мен талқылауға ата-аналар мен қамқоршылық кеӊесініӊ мүшелері қатысатындай, шығыс баптары бойынша ай сайын ақпарат ұсыну маӊызды. Сондай-ақ, шығындардыӊ барлық баптары мемлекеттік қаржыны белгілі бір мектепте қандай мақсаттарға жұмсалатындығы нақты көрсетілген, түсініктемесі болуы керек.

Сондай-ақ оқу жоспарын академиялық пәндерге бөлінген сағаттармен және қосымша - сағаттар мен элективті курстармен бірге көруге болады.

Одан басқа, сол сайтта мектеп мұғалімдерініӊ аты-жөні мектеп бұйрығына сәйкес көрсетілсе жақсы болады. Мектеп қызметкерлерініӊ штаттық кестесін орналастыруға болады.

Барлығы бірден түсінікті болады, атап айтқанда, мектепте қаражат жеткілікті ме, тегін үйірмелер бар ма, оларды кім басқарады, қандай сыныптарда және қандай салаларда. Бұл ақпарат ашық болуы керек.

Қабылданған шаралар білім беру мекемелеріндегі жалпы жағдайды жақсартуға ықпал ететініне біз сенімдіміз.

"Қосымша ақшалай төлемдер", "мектепке көмек", "қосымша шығындарға ақша жинау" және т.б. түсініктерді жою қажет.

Ирине, демеушілік көмекті ешкім де жоққа шығармайды. Бірақ мұны өздерініӊ сүйікті мектебіне, колледжі немесе балабақшасына қайтарымсыз алғыс білдіргісі келетін, тұлға болып қалыптасқан осы мекемелердіӊ түлектері көмек көрсетсін.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны