25.01.2018, 18:41 4408

Қазақстанда мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 2017 жылы 40 телехикая түсірілді

Қазақстанда мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 2017 жылы 40 телехикая түсірілді

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев тілшілерге 2017 жылы министрліктіӊ тапсырысы бойынша түсірілген телехикаялардыӊ таныстырылымын жасады.

Өз сөзінде Дәурен Абаев аталған жұмысқа министрліктіӊ айрықша көӊіл бөлетіндігі туралы айтты. Атап айтсақ, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 2017 жылы 40 телехикая түсірілді. Бұл одан өткен жылдыӊ көрсеткіштерімен салыстырғанда екі есе көп. Сонымен қатар, халқымызыдӊ ұлттық құндылықтарын насихаттайтын әлеуметтік роликтерді түсіру жұмысы қолға алынды, атап айтсақ 2017 жылы 131 әлеуметтік ролик түсірілген. Бұл қазақстандық телевизия тарихындағы рекордттық көрсеткіш.

Аталған шаралар отандық медиа-нарықтыӊ шетелдік өнімге тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, аталған телехикаялар замануи қазақстандық қоғамда орын алып жатқан маӊызды әлеуметтік құбылыстар туралы әӊгіме қозғайды. Олар қазақстандық қоғамныӊ дәстүрлі құндылықтарын насихаттауға бағытталған. Бұдан басқа, Министрлік қазақ тіліндегі мазмұнды өндіруге ерекше назар аударады, бұл өз кезегінде мемлекеттік тілді дамытуға оӊ әсерін тигізуде.

Мысал ретінде төрт телехикаяныӊ видеожарнамалары көрсетілді. Олар: XVII ғасырдыӊ басындағы қазақ батырларыныӊ өмірі жайлы баяндайтын "Батырлар жолы", XX ғасырдыӊ басындағы дәуірлік оқиғаларды туралы сыр шертетін тарихи драма - "Тар-Заман", 60 сериядан тұратын "Асыл Арман" теленовелласы және діни лаӊкестік пен экстремизмге қарсы күресетін қазақстандық арнайы қызметтердіӊ жұмысы туралы ақпар беретін "Қызыл деӊгей" телехикаясы.

Сондай-ақ, іс-шараға "Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Карин, "Астана" телеарнасыныӊ бас директоры Ләззат Танысбай, "Хабар" Агенттігі " АҚ басқарма төрағасыныӊ орынбасары Ринат Кертаев және КТК арнасыныӊ бас директорыныӊ орынбасары Дәурен Меркеев қатысты. Телеарналардыӊ басшылары телехикаялар өндірісі және келесі жылға жоспарлары туралы әӊгімелеп берді.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны