12.09.2008, 15:52 4104

Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету жүйесін модернизациялау жоспарлануда

Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету жүйесін модернизациялау жоспарлануда

Астана. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету жүйесін модернизациялау жоспарлануда. Бұл туралы еліміздің еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Тамара Дүйсенова парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында "Илеуметтік қызметтер туралы" заң жобасын таныстыру барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір жұмыс істеп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі көбінесе мүгедектерге ғана әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған, сондықтан, әлеуметтік жағынан аз қорғалған басқа санаттағы адамдар тиісті назардан тыс, қолдаусыз қалады", - деді вице-министр. Сонымен бірге, оның айтуынша, әлеуметтік қызмет көрсету саласында мемлекеттің монополиясы сақталған. "Үкіметтік емес және жеке меншік сектор әлеуметтік қызмет көрсетуге мардымсыз атсалысады, сол себепті де қызмет көрсету нарығында бәсекелі орта қалыптаспаған, бұл әлеуметтік қызметтердің қол жетімділігі мен сапасының төмендігіне, таңдаудың шектеулі болуына алып келуде", -деді Т. Дүйсенова.

Оның айтуынша, әлеуметтік көмек ала алатын тұлғалардың аясы кеңейтіледі. Қазір мемлекет тарапынан көрсетілетін 60-тан астам әлеуметтік қызмет түрлері бар. Алдағы уақытта бұл сан да артады.

"Жаңа стандартттар бойынша әлеуметтік қызмет көрсетуге республикалық бюджеттен 2009-2011 жылдары 30 437 млн теңге жұмсау көзделген", - деді Т. Дүйсенова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны