07.04.2018, 13:46 4926

Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстыӊ нәтижелеріне қоғамдық мониторинг жүргізіледі

Қоғамдық мониторинг шеӊберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде (әлеуметтік зерттеулер, фокус-топтар, жұртшылықпен жасалған сауалнамалар) қызмет көрсету сапасы туралы ақпаратты жинау және талдау жұмыстарын өткізу жоспарлануда

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі еліміздіӊ барлық өӊірлерінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру үрдісіне қоғамдық бақылау жүргізеді.

Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға "Десента" қоғамдық қоры, "Қазақстан жастарыныӊ конгресі" заӊды тұлғалар бірлестігі, "ЗУБР" консалтинг- орталығы сияқты қоғамдық ұйымдар қатысатын болады.

Қоғамдық мониторинг шеӊберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде (әлеуметтік зерттеулер, фокус-топтар, жұртшылықпен жасалған сауалнамалар) қызмет көрсету сапасы туралы ақпаратты жинау және талдау жұмыстарын өткізу жоспарлануда.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ Азаматтық қоғам істері комитетініӊ мәліметінше, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстыӊ мониторингі - қызметтердіӊ сапасын жүйелі жақсарту және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстыӊ тиімді құралы болып табылады. Ол мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қызмет көрсетулерге жүгінетін халықтыӊ, еӊ алдымен, азаматтардыӊ әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға баға береді.

Жоба қорытындысы бойынша әлеуметтік маӊызы бар жобаларды тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған жедел шаралар қабылдау үшін ұсыныстар әзірленетін болады. "Коммерциялық емес ұйымдардыӊ қызметі туралы Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасыныӊ шеӊберінде әлеуметтік жобаныӊ тиімділігін және халықтыӊ қызмет сапасына қанағаттану дәрежесін анықтайтын мемлекеттік тапсырыстыӊ нәтижелерін бағалауды енгізу жоспарланып отыр.

2018 жылы еліміз бойынша 2066 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олардыӊ ішінде 40 жоба республикалық деӊгейде, 2026 жоба өӊірлік деӊгейде іске асырылатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны