06.03.2007, 17:34 3396

Қазақстанда мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін зерделеу жөніндегі президенттің жанандағы орталық құру ұсынылып отыр

АСТАНА. 6-наурыз. Kazakhstan Today. Жүзеге асырылып жатқан әкімшілік реформалардың аясында Қазақстанда мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін зерделеу жөніндегі президенттің жанандағы орталық құру ұсынылып отыр. Бұл туралы вице-премьер - экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін зерделеу жөніндегі орталықты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің негізінде құру және оны президентке бағындыру ұсынылып отыр",- деді А. Мусин бүгін сенат депутаттарымен кездесуінде.

Аталмыш орталық мемлекеттің іс- қызметіне жүйелі негізде функционалдық талдау жүргізу мүмкіндігін беру ұсынысылып отыр. Орталық мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің маңызды аспектілері жөніндегі халықаралық озық тәжірибелерді зерделеумен, жүйелі зерттеулер жүргізумен, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеумен, мемлекеттік органдардың іс-қызметінің тиімділігі мен сапасына аудит жүргізу және бағалаумен , сонымен қатар жергілікті мемлекеттік органдардың іс-қызметіне рейтингтік бағалау жүргізумен айналысады деген болжам жасалуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны