05.06.2007, 16:15 3720

Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің реестрі құрылды

АСТАНА. 6-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің реестрі құрылды. Бұл туралы бүгін "Икімшілік кедергілер сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қайнар көзі" атты кітаптың тұсаукесерінде Мемлекеттік қызметтер ісі жөніндегі агенттік төрағасы Зауытбек Тұрысбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгінде біз мемлекеттік қызметтердің реестрін жасау жұмыстарын аяқтап қалдық. Оған 125 қызмет түрі енгізілді. Бұл жұмыс ендігі жерде басқа министрліктер мен мекемелердің қарамағына көшіп, сол жерлерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары жасалады", - деді З. Тұрысбеков.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ертеректе мемлекеттік қызметтердің реестрі 1-маусымға дейін қабылданады деген болатын.

З.Тұрысбековтың айтуынша, алдағы уақытта реестрге енгізілген мемлекеттік қызметтердің саны арта түспек. "Бірінші кезеңде 511 қызмет түрі тізімге енеді, бірақ, болжам бойынша бұл сан 900-ге жетуі мүмкін", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны