16.09.2009, 14:05 1556

Қазақстанда мемлекеттік сатып алулар жөніндегі агенттік құру қажет - сенат депутаты

Қазақстанда мемлекеттік сатып алулар жөніндегі агенттік құру қажет - сенат депутаты

Астана. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан парламенті сенатының депутаты Тасбай Симамбаевтың пайымдауынша, Қазақстанда мемлекеттік сатып алулар жөніндегі агенттік құру қажет. Ол бұл туралы сенаттың бүгін өткен жалпы отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгін мемлекеттік сатып алулар концепциясын толығымен қайта қарау қажеттігі өткір туындап отыр. Министрліктер, мекемелер, ұлттық компаниялар мен әкімдіктерді тендерлер өткізуден босату керек және мемлекет басшысына тікелей бағынышты агенттік құру керек", - деді Т. Симамбаев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық деректерінің 80%-ы мемлекеттік сатып алу саласына тиесілі. "Дәл осы жерде бюджеттің миллиардтаған қаржысы бұрып әкетіледі. Тек ағымдағы жылдың 7 айында қаржы полициясы осы салада 256 қылмыстық іс қозғаған. Анықталған шығын көлемі шамамен 2 млрд теңгені құрады", - деді депутат.

Сондай-ақ, оның пайымдауынша, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі комиссияларға қоғамдық ұйымдарды, өкілетті органдар мен журналистерді де қосу керек. Дегенмен, оның пікірінше, бұл тұста "қатаң қарсылыққа тап болуға тура келмек, өйткені, "май шелпектен" айрылуды кім қаласын?!". "Бірақ онсыз біз жемқорлықты жеңе алмаймыз", - деді Т. Симамбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны