26.06.2012, 15:08 11646

Қазақстанда Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы жасалуда

Бүгін Алматыда министр Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен ҚР Білім және ғылым министрлігі алқасының отырысы өтті. Онда Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жаңа жобасы талқыланды.

Астана. 26-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы жасалуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Алматыда министр Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен ҚР Білім және ғылым министрлігі алқасының отырысы өтті. Онда Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жаңа жобасы талқыланды.

"Тұжырымдама жобасы нысанды бағдарға ие және ауыл жастарын, маргинал жағдайдағы жастарды, оралмандарды, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қолдауға бағытталған",- делінген ведомство хабарламасында.

Тұжырымдаманы толыққанды іске асыру үшін, ең алдымен бірқатар нормативтік актілер, оның ішінде қазір Парламентте қаралып жатқан жастар саясаты туралы заң жобасы қажет. Тұжырымдамада көрсетілген шаралардың бірі алғаш рет студенттерді оқу кезінде заңнамалық негізде баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, елімізде 2015 жылға дейін 10,7 мың орынға арналған 23 жаңа жатақхана салу, 4 жатақхананы қайта жаңарту және 53 жатақханада жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Оған қоса, елімізде Жастар істері жөніндегі комитет және облыстарда мен Астана қаласында жастар саясаты басқармаларын құру туралы шешім қабылданып отыр. "Комитет жастар саясатының әдістемесін әзірлеумен, жоспарлау жұмыстарымен, нормативтік қамтумен, мониторингпен және бағалау жұмыстарымен, сондай-ақ саладағы жұмыстарды бақылаумен айналысатын болады",- деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінен.

Ведомствоның ақпараты бойынша, бүгінде 20 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер орта мектептердегі "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүше болып отыр. "Ауыл жастары", "Дипломмен - ауылға!", "Жастар тәжірибесі" және "Жасыл ел" сынды жастардың жобалары жұмыс жасауда.

Соңғы жылдары жастардың қоғамдық-саяси және әлеуметтік белсенділіктері едәуір артып отырғанын айта кету керек, елімізде жастар ұйымдарының саны 2006 жылғы 502 бірліктен 1043 бірлікке дейін ұлғайып отыр. 2011 жылы жастар ұйымдарының 14 пайызы әлеуметтік маңызы зор жобаларды іске асыруға атсалысты, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің 70 пайызға жуығы жастардың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері болып табылады.

Тағы бір айта кететін жайт, өткен жылы жастар саясатына қарастырылған қаржы 947,2 млн. теңгені құраса, ағымдағы жылы 1,15 млрд. теңгені құрап отыр. Жалпы алғанда, жоғарыда аталған шаралардың барлығы жастар саясатын дамытуға, жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың азаматтық белсенділігін дамытуға бағытталып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны