13.03.2012, 12:06 3767

Қазақстанда Моноқалаларды дамыту бағдарламасы әзірленуде

ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-мен бірлесе отырып, Моноқалаларды дамыту бағдарламасын әзірлеуде, деп мәлім етті министрліктің Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті басқармасының бастығы Дәурен Жамбайбек Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 13-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда Моноқалаларды дамыту бағдарламасы әзірленуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-мен бірлесе отырып, Моноқалаларды дамыту бағдарламасын әзірлеуде, деп мәлім етті министрліктің Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті басқармасының бастығы Дәурен Жамбайбек Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Моноқалаларды дамыту бағдарламасын біз экономикалық зерттеулер институтымен бірлесіп жасап жатырмыз", - деді Д.Жамбайбек.

Шенеуніктің айтуынша, республика бойынша барлық моноқалаларда 1,5 млн. адам өмір сүріп жатыр, бұл - Қазақстан халқының 16 пайызы.

Ресми мәліметке сүйенсек, аталмыш бағдарлама үш бағыттан тұратын болады. Бірінші бағыт моноқаланы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту арқылы халықты жұмыспен қамтудың тиімді құрылымын қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Осыған сәйкес, экономикалық әлеуеттері жоғары, орташа және төмен моноқалалар анықталады.

"Екінші бағыт бойынша моноқаланың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қолдау және дамыту қарастырылған. Ал үшінші бағыттың аясында өсу нүктелеріндегі еңбек жинақылығын арттыру арқылы моноқалалардың еңбек әлеуеттерін шоғырландыру жоспарлануда",- деп түйіндеді өз сөзін Д.Жамбайбек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны