01.06.2016, 16:42 3737

Қазақстанда нашақорлықтыӊ алдын алу айлығы басталады

2 маусым күні республикада "Сеніӊ болашағыӊ тек өзіӊе байланысты! Деніӊ сау болсын! Нашаны қолданба!" ұранымен Халықаралық нашақорлықпен және есірткініӊ заӊсыз айналымымен күрес күніне арналған айлық басталды. Аталған шара шілде айыныӊ 2-не дейін жалғасады

Астана. 1 маусым. Kazakhstan Today - 2 маусым күні республикада "Сеніӊ болашағыӊ тек өзіӊе байланысты! Деніӊ сау болсын! Нашаны қолданба!" ұранымен Халықаралық нашақорлықпен және есірткініӊ заӊсыз айналымымен күрес күніне арналған айлық басталды. Аталған шара шілде айыныӊ 2-не дейін жалғасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Айлық барысында Қазақстанныӊ барлық өӊірлеріндегі алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында ашық есік күндері ұйымдастырылып, азаматтарға психологтар, бейінді мамандар мен әлеуметтік қызметкерлер кеӊес береді. Сонымен қатар, халық көп жиналатын орындарда "Денсаулық жарнамасы" атты флэш-моб шаралары; балалардыӊ бойына сенім ұялату арқылы оларды тәрбиелеу туралы ата-аналармен әӊгімелесу; балалардыӊ бойында девиантты мінез-құлыққа жол бермеу мақсатында ата-ана мен балалардыӊ өзара қатынасына қолайлы жағдай жасау, өзін-өзі қорғау әдетін қалыптастыру мен дамыту шаралары жүзеге асырылады.

Есірткі пайдаланудыӊ алдын алу және олардыӊ заӊсыз айналамына қарсы күрес - республикада мемлекеттік саясаттыӊ маӊызды бағыттарыныӊ бірі.

Психоактивті заттардыӊ денсаулыққа тигізетін орасан зияны туралы халықты ақпараттандыру деӊгейін арттыру бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар және жастар мен жасөсіпірімдерге қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдайлар жасауға қоғам назарын аудару денсаулыққа деген жауапты көзқарасты, сондай-ақ, психоактивті заттарды тұтынудан бас тарту машықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.

Естеріӊізге сала кетейік, 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Халықаралық нашақорлықпен және есірткініӊ заӊсыз айналымымен күрес күні 26 маусым күні атап өтіледі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны