02.04.2012, 14:11 3772

Қазақстанда наурыз айында инфляция 0,3 пайызды құрады

"Өткен айда азық-түлік тауарларына баға 0,5 пайыз, азық-түлік емес тауарлар мен төлем қызметтеріне - 0,2 пайыздан өскен", - деп атап көрсетілген таратылған құжатта.

Астана. 2-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда наурыз айында инфляция 0,3 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Өткен айда азық-түлік тауарларына баға 0,5 пайыз, азық-түлік емес тауарлар мен төлем қызметтеріне - 0,2 пайыздан өскен", - деп атап көрсетілген таратылған құжатта.

Ведомстваның мәліметтері бойынша, өткен айда мынадай баға өсулері тіркелді: қантқа 5,1 пайыз, ет және құс етіне - 1,4 пайыз, жаңа әкелінген жеміс-жидекке - 0,9 пайыз пайыз , жұмыртқаға - 0,8 пайыз , кондитер ұйымдарына - 0,5 пайыз, балық пен теңіз өнімдеріне - 0,4 пайыз, бөлке және ұн кондитер өнімдеріне - 0,3 пайыз. Ал бағаның төмендеуі жармаға 4 пайыз, картопқа - 2,4 пайыз, күнбағыс майына - 1,3 пайыз, ұнға - 0,5 пайыз, жаңа әкелінген көкөніске - 0,2 пайызға өскендігі байқалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны