21.03.2007, 17:47 3764

Қазақстанда Наурызды тойлауға дайындалуда

АЛМАТЫ. 21-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстанда Наурызды тойлауға дайындалуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Еске сала кетейік, үкіметтің қаулысына сәйкес , дәстүрлі 22-наурызда тойланатын мемлекеттік мереке- Наурыз мейрамында қазақстандықтар үш күн демала алады. Демалыс күндері - 22, 23, 24 наурыз болса, қаулыға сәйкес, 25 наурыз жұмыс күні болып жарияланды.

Республика өкірлерінде мерекеге белсенді дайындық жүргізілуде. Алматыда көшелер мен алаңдар көркем безендіріліп жатыр. Қалалық әкімшіліктің ақпаратына сәйкес, мерекелік шаралар "Көктөбе" демалыс базасы мен Астана алаңында ұйымдастырылады. Биылғы бір ерекшелік, шаралар түн ортасынан бір сағат өте бере концерттік бағдарламамен және дәстүрлі ұлттық ойындардан басталады. Шаралардың алғашқы бөлігі 5 сағат 50 минутта таңды қарсы алумен және Көктөбедегі мерекелік от шашумен аяқталады. Бұдан әрі таңертеңгі сағат 10-да шаралар Астана алаңында жалғасады. Бұл жерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республика халқын мерекемен құттықтайды деп күтілуде.

Павлодардың орталық алаңында Наурызға орай 40 ақшаңқан киіз үй тігілді. "Ата-баба дәстүріне сәйкес қонақтарды күту үшін 40 үй тігілді", деп хабарлады қалалық мәдениет басқармасындағылар. Қолөнершілер мен әбзелшілер ертең өз өнімдерінен көрме ашады. Мереке халық батырларының қатысуымен театрландырылған қойылыммен басталады. Сонымен бірге алаңда "Қайырымдылық, мейірімділік пен игі тілектер ағашы" орнатылған. "Сол арқылы әркім мұқтаж жандарға қайырымдылық жасай алады",- дейді қалалық басқармадағылар.

Халық ертегілері мен аңыздарының басты кейіпкерлері бүгіннен бастап-ақ Павлодар көшелерін аралап, қала тұрғындарын Наурыз мерекесіне шақыра бастады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны