04.07.2013, 17:54 23056

Қазақстанда өкпе ауруларының алдын алу және емдеу мәселелері талқылануда

Қазақстанда тыныс алу органдары аурулары бойынша IV Ұлттық Конгресс және созылмалы респираторлық аурулармен күрес жөніндегі ғаламдық альянстың VIII кеңесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 4-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда өкпе ауруларының алдын алу және емдеу мәселелері талқылануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда тыныс алу органдары аурулары бойынша IV Ұлттық Конгресс және созылмалы респираторлық аурулармен күрес жөніндегі ғаламдық альянстың VIII кеңесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі тыныс алу органдары патологиясы проблемаларының өзектілігін ескере отырып, тыныс алу органдары аурулары бойынша IV Ұлттық Конгресс және созылмалы респираторлық аурулармен күрес жөніндегі Ғаламдық альянстың VIII кеңесін өткізуде", - делінген хабарламада.

Көп таралған тыныс алу органдары аурулары: пневмония, өкпенің созылмалы обструктивті аурулары, бронха астмасы, гипоплазия, бронхоэктазия, өкпенің интерстициалды аурулары және т.б.

Тыныс алу жүйесі ауруларының таралуына себеп болатын негізгі факторлар: климаттың өзгеруі, қолайсыз қоршаған ортаның әсері, қалалардың өсуі, автокөліктер санының ұлғаюы, темекі шегу, өнеркәсіп кәсіпорындарының қалдықтары, түрлі вирустық аурулар санының артуы, микроағзалардың бактерияларға қарсы препараттарға тұрақтылығы және т.б.

Конгресте қабылданған шешімдер және бүкіл әлемнің ғылыми қоғамдастығының жемісті ынтымақтастығы негізгі респираторлық ауруларды диагностикалау және емдеу жолдарын жетілдіруге, бұл ауруларға шалдығушылық пен өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік береді.

Конгресс қорытындысында оң халықаралық тәжірибе негізінде тыныс алу органдары ауруларының алдын алудың тиімділігін арттыруға қатысты стратегия әзірленетін болады.онгресс жұмысына пульмонологтар, фтизиаторлар, торакальды хирургтер, аллергологтар, сондай-ақ Еуропа, Австралия, Америка, Азияның 26 елінен халықаралық мамандар қатысуда.

Конгреске қатысушылар симпозиумдар, шеберлік-сыныптары, клиникалық талдауларға қатысып, біліктіліктерін арттырады. Аталған іс-шара тыныс алу органдарына байланысты аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеудің барлық аспектілерін қамтып, тыныс алу органдары патологиясы саласындағы проблемаларды анықтауға ықпал ететін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны