19.09.2007, 16:34 3287

Қазақстанда өкпе құртымен науқастану деңгейі тұрақтанып келеді

Қазақстанда өкпе құртымен науқастану деңгейі тұрақтанып келеді.

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өкпе құртымен науқастану деңгейі тұрақтанып келеді. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің отырысы барысында денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Денсаулық сақтаудың азаматтық секторындағы және пенитенциарлық жүйеде өкпе құртына қатысты негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерді талдау эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанып келе жатқандығын көрсетіп отыр",- деді Анатолий Дерновой. "Науқастанудың өсуі тоқтаған",- деді ол.

Отырыста таратылған баспасөз баянында атап көрсетілгендей, еліміз халқының арасындағы өкпе құртымен науқастану көрсеткіші соңғы үш жылда 10,3 пайызға, яғни 2004 жылы 100 мың адамға шаққанда 154,3 оқиғадан 2006 жылы 100 мың адамға шаққанда 132,1 оқиғағам дейін төмендеген. 2007 жылдың 8 айында ол 100 мың адамға шаққанда 92-ні құраған, ал 2006 жылы осы кезеңде 100 мың адамның үлесіне 95 жағдай тиесілі болған.

Сонымен қатар, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында өкпе індетімен науқастану көрсеткіші республика бойынша орташа көрсеткіштен асып отыр.

Пенитенциарлық жүйеде өкпе індетімен ауыру 2004 жылғы 100 адама шаққанда 1573-тен 2006 жылы 100 мың адамға шаққанда 741-ге дейін төмендеген. Өкпе індетінен қайтыс болу деңгейі 2006 жылдың қорытындысы бойынша 2,4 пайызға төмендеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны