18.02.2016, 10:34 3608

Қазақстанда оқушыларды жыл бойғы сауықтыру жүйесі жасалады

"Оқушыларға арналған сауықтыру шараларыныӊ күнтізбесін жасау жоспарланып отыр. Оған балаларды профилактикалық тексеруді, мектеп қызметініӊ күнтізбелік кезеӊіндегі сауықтыру шараларын ұйымдастыру, мектептегі денсаулық сақтайтын технологияларды енгізу кіретін болады", - деді тамара Дүйсенова.

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша және 2016 жылғы алда тұрған міндеттер туралы кеӊейтілген алқа отырысында Министрлік басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Министр Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шараларыныӊ аясында мектептегі медицинаны білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру қарастырылып отырғанын хабарлады.

"Оқушыларға арналған сауықтыру шараларыныӊ күнтізбесін жасау жоспарланып отыр. Оған балаларды профилактикалық тексеруді, мектеп қызметініӊ күнтізбелік кезеӊіндегі сауықтыру шараларын ұйымдастыру, мектептегі денсаулық сақтайтын технологияларды енгізу кіретін болады", - деді тамара Дүйсенова.

Министр сауықтыру шараларыныӊ күнтізбесі балаларды жыл бойы сауықтыруды көздейтінін түсіндірді: қаӊтардан наурыз айына дейін - профилактикалық тексерулерді өткізу, денсаулық топтарын құру, диспансерлік есепке тұрғызу, сауықтырудыӊ жеке жоспарларын дайындау; сәуір мен мамыр айларыныӊ аралығында - жоспарға сәйкес сауықтыру шаралары, маусым мен тамыз айларыныӊ аралығында - оқушыларды мектеп жанындағы, қаладан тыс жерлердегі лагерьлерде сауықтыру, санаторлық-курорттық емдеу шараларын жүзеге асыру; қыркүйек пен қараша айларыныӊ аралығында - профилактикалық тексерулерді жалғастыру, денсаулық топтарын, диспансерлік есепке тұрғызу, сауықтырудыӊ жеке жоспарын дайындау; желтоқсанда - профилактикалық тексеру кестесін жасау, мамандардыӊ шығу бригадаларын жасау.

Айта кету керек, профилактикалық тексерулер мен оқушыларды сауықтыру алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында емес, білім беру ордаларында жүзеге асырылатын болады.

Оқушыларды сауықтыру үшін денсаулық сақтау технологиялары қолданылатын болады. Бұл мүсін мен көрудіӊ бұзылуын алдын алу шаралары, қосымша дәрумендеу, физиотерапиялық процедуралар, "функционалдық" тамақтану азық-түліктерін қолдану (қышқыл сүт өнімдері), фитопрепараттар мен оттегі коктейлін қолдану, сонымен қатар, дене шынықтыру минуттарын, мүсін мен көзге арналған, тыныс алу жолдарыныӊ гимнастикасын жасау жоспарланып отыр.

Оқушылардыӊ дұрыс тамақтануы мен аурулардыӊ алдын алу шаралары бойынша мұғалімдер және ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге баса назар аударылатын болады.

"Балаларды оқу кезінде, сонымен қатар, демалыс мерзімінде сауықтыру шаралары оқушылардыӊ денсаулығын нығайтуға, тірек-қимыл аппараты бұзылуын алдын-ала ескертуді дамытуға, жіті респираторлық аурулармен жиі сырқаттанатын балаларда осы аурудыӊ жиілігін төмендетуге, оқушылардыӊ көру қабілетін жақсартуға және т.б. мүмкіндік береді", - деп атап айтты Тамара Дүйсенова.

Мектептегі медицинаны беруді аяқтау 2017 жылдыӊ екінші жартысына жоспарланып отыр.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны