29.03.2012, 15:09 4080

Қазақстанда оқушылардың білім деңгейін сырттай бағалау үлгісі енгізілуде

Оқушылардың білім деңгейін сырттай бағалау 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасында көзделген білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізудің бір түрі болып табылады.

Астана. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда оқушылардың білім деңгейін сырттай бағалау үлгісі енгізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оқушылардың білім деңгейін сырттай бағалау 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасында көзделген білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізудің бір түрі болып табылады.

"Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы білім беру сапасын арттыру үшін осы салаға жаңа әдістер енгізу керектігін айтқан болатын.

Қазақстанда оқушылардың білім деңгейін сырттай бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау мен оқушылардың білім бағдарламаларын игеру деңгейін анықтау мақсатында жүзеге асырылатын болады.

"Оқушылардың білім деңгейін сырттай бағалау ісіне 9 сыныпта қазақ тілі және жыл сайын үрдіс басталар кезде уәкілетті орган анықтайтын тағы 3 пән кіреді. Мониторинг жүргізілетін оқу бағыттары мен жоғары оқу орындары жыл сайын анықталып отырады", - деп аталып өтілген ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпаратында.

Мектеп пен жоғары оқу орнында да қолданылатын бір емтихан тапсыру үлгісі ең көп таралған үлгі болып табылады (Ресей, Түркия, Болгария, Венгрия, Дания, Израиль, Үндістан, Италия, Норвегия мен Финляндия елдері). Сонымен қатар, сырттай орталықтандырылған және мектеп ішінде жүргізілетін екі сатыдағы бақылау үлгісі біршама елдерде кеңінен таралған (Греция, Латвия, Македония, Словакия Республикасы, Словения, АҚШ, Чех Республикасы).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны