10.08.2012, 11:54 3208

Қазақстанда өмір сүру шегін есептеу әдісі қайта қаралмақ

"Меніңше, ең төменгі өмір сүру шегін қайта қарау қажеттігі туындап отыр. Халықаралық тәжірибеге сәйкес әрбір 5-6 жылда оны қайта қарау қалыпқа енген. Қазақстандда қайта қарау соңғы рет 2006 жылы жүргізілді", - дейді А.Смаилов.

Астана. 10-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда өмір сүру шегін есептеу әдісі қайта қаралмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Статистика жөніндегі агенттік басшысы Алихан Смаилов мәлімдеді.

"Меніңше, ең төменгі өмір сүру шегін қайта қарау қажеттігі туындап отыр. Халықаралық тәжірибеге сәйкес әрбір 5-6 жылда оны қайта қарау қалыпқа енген. Қазақстандда қайта қарау соңғы рет 2006 жылы жүргізілді", - дейді А.Смаилов.

Ол өзі басқарып отырған ведомство жаңа өмір сүру шегінің эксперименталдық есебін бірнеше нұсқада әзірлегенін айтты. Онда азық-түлік себетінің құрамы бойынша ұсынылған өзгерістер, тағам өнімдерін пайдалану нормалары мен барынша қажетті азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар мен қызметтердің шығын үлесінің түрлі арақатынасы ескерілген.

Бұл есептеу қорытындысын құзырлы орган Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төменгі өмір сүру шегін қалыптастыру әдісіне қатысты жаңа тәсілдерді қорытынды пысықтау үшін пайдаланады.

А.Смаилов қоғамды әлеуметтік жаңғырту бойынша мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды ескере отырып, Еңбек министрлігі жыл соңына дейін үкіметке тиісті ұсныстар енгізетінін айтады.

Өмір сүру шегі түрлі әлеуметтік және жас мөлшеріне байланысты топтар, қала мен ауылдар, ел өңірлері үшін есептеледі. Ол өмір сүру деңгейін бағалау мен халыққа әлеуметтік көмек көрсету үшін көрсеткіш болып табылады.

Биылғы жылдың шілде айында төменгі өмір сүру шегі 16979 теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны