10.09.2010, 18:31 5201

Қазақстанда өнеркәсіптік алпауыттардың барлығына дерлігі экологиялық кодекстің нормативтерін орындамайды

Қазақстанда өнеркәсіптік алпауыттардың барлығына дерлігі экологиялық кодекстің нормативтерін орындамайды

Алматы. 10 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда өнеркәсіптік алпауыттардың барлығына дерлігі экологиялық кодекстің нормативтерін орындамайды. Бұл туралы кеше Қарағандыда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Ишімовтың қатысуымен өткен жиналыста мәлім етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Хабар" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Телеарнаның хабарлауынша, табиғатты қорғау шараларын қаржыландыру өте нашар, сондықтан зиянды қалдықтардың ауаға таралу деңгейі төмендемей отыр. Экологтардың айтуынша, бұл әсіресе тау-кен, металлургия және мұнай өңдеу кәсіпорындарына қатысты болып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны