06.02.2018, 16:36 6289

Қазақстанда өнімдер құрамындағы трансмайлар бақыланатын болады

Техникалық регламенттер талаптарын бұзғаны, оныӊ ішінде сәйкес келмейтін өнімді шығарғаны үшін кәсіпкерлік субъектілеріне 40-тан 200-ге дейін айлық есептік көрсеткіш айыппұл салу көзделген.

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 1 қаӊтардан бастап өтпелі кезеӊнен кейін май өнімдеріндегі май қышқылыныӊ трансизомерлері құрамыныӊ жаӊа нормативі күшіне енді. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетініӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Талаптар мынадай май өнімдеріне қатысты-маргариндер,спредтер,қорытылған қоспалар, аспаздықмайлар және сүт майыныӊ алмастырғыштар.

Енді маргариндер, өсімдік-сары май және өсімдік-май спредтерініӊ, қорытылған өсімдік-сары май және өсімдік-май, арнайы мақсаттағы майлар, оныӊ ішінде аспаздық, кондитерлік, нан пісіру, сүт майын алмастырғыштар және құрамында трансмайлар бар басқа да өнімдердіӊтұтынушы қаптамасында құрамындағы қаныққан май қышқылдары өнімініӊ май фазасында болуыжәнемай қышқылдары трансизомерлерініӊ болуы туралықосымша ақпаратты қамтуы тиіс (өнімдегі май құрамыныӊ пайызымен).

"Май өніміне арналған техникалық регламент" техникалық регламентініӊ (024/2011 КО ТР)талаптарына сәйкес ол тамақ өніміндегі майдыӊ жалпы құрамынан 2%-данаспауы тиіс.

2018 жылдыӊ 1 қаӊтарына дейін дайындалған,құрамында 2,0 пайыздан астам май қышқылдарыныӊ трансизомерлері бар өнім жарамдылық мерзімі ішінде тұтынушылық нарықта айналымда бола алады.

Май қышқылдары трансизомерлерініӊ құрамын текзертханалық әдістермен ғана анықтауға болады, оларды Қоғамдық денсаулық сақтау комитетініӊ және Қазақ тағамтану академиясыныӊ зертханалық орталықтары жүргізеді.

2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан кейін дайындалған,таӊбалауында май қышқылдары трансизомерлерініӊ құрамы туралы ақпарат жоқ немесе олардыӊ үлесі белгіленген нормативтен (2 пайыздан) асатын өнімді сатып алған жағдайда тұтынушы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетініӊ аумақтық органына жүгіне алады.

Техникалық регламенттер талаптарын бұзғаны, оныӊ ішінде сәйкес келмейтін өнімді шығарғаны үшін кәсіпкерлік субъектілеріне 40-тан 200-ге дейін айлық есептік көрсеткіш айыппұл салу көзделген.

Трансмайлар қайта өӊделген тамақ өнімдерінде, маргариндер және бутерброд қоспалары, қуырылған тағам, фастфуд және пісірілген нанда, пиццалар, чипсілер, печенье, фри картобы, тауық еті нагетсі және басқа да өнімде болады.Олар майларды өнеркәсіптік қайта өӊдеген кезде -сұйық майлар қатты күйге ауысатын ішінара гидрогенизациялау процесіндетүзіледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымытрансмайларды тұтыну жүрек-қан тамыры ауруларына, абдоминалды семіздікке, диабетке, Альцгеймер ауруына, өкпе обырына, репродуктивтік функциялардыӊ бұзылуына, өт-тас ауруларына алып келетінін ескертеді және тамақ өнімдерінен трансмайларды алып тастауды және оларды балама май көздеріне алмастырудыталап етеді.

Көптегенелдердетрансмайларды пайдалануға тыйым салынған, оныӊ ішінде Швейцария, Австрия, Исландия, Венгрия, Норвегия, Швеция, Данияда өнеркәсіптік трансмайлар құрамыныӊ жоғарғы шегін 100 г майға 2 г, яғни жиынтық майдыӊ 2%-ы деӊгейінде белгіленген.

Осындай шек енді Қазақстанда, сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде де белгіленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны