09.04.2012, 11:51 3600

Қазақстанда онкологиялық қызметті дамыту шаралары қолға алынуда

Елбасы Н.И.Назарбаев "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Үкіметке халыққа көрсетілетін онкологиялық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын.

Астана. 9-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда онкологиялық қызметті дамыту шаралары қолға алынуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елбасы Н.И.Назарбаев "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Үкіметке халыққа көрсетілетін онкологиялық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын.

"Үкіметке екі ай мерзім ішінде Қазақстанда онкологиялық қөмек көрсету сапасын дамыту жөнінде Бағдарлама әзірлеуді тапсырамын. Сондай-ақ Астанада Ұлттық медициналық холдинг базасында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық ашу мәселесін де шешу керек", - деді Елбасы Н.И.Назарбаев.

Бұл бағдарлама арқылы Қазақстан Республикасындағы онкологиялық қызметті дамыту жұмыстарының негізгі бағыттарын анықтауға болады. Ол бағыттар қатарында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бағыттарын жетілдіру, онкологиялық ауруларды емдеу мен диагностикалаудың жоғары технологиялық әдістерін дамыту, кадрлар біліктілігін нығайту, онкологиялық қызмет инфрақұрылымын жетілдіру мен материалдық-техникалық базаны жақсарту, сондай-ақ халықпен кері байланысты дамыту бағыттары бар.

Атап айтсақ, 2012 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісік ауруларын ертерек анықтау бойынша ілкі жобаны енгізу бағдарламасының аясы кеңейеді. Сондай-ақ 2013 жылдан бастап Қызылорда облысында асқазандағы, бүйректегі қатерлі ісікті ертеден анықтау жөнінде ілкі жоба іске қосылады. Сонымен қатар, скринингтік зерттеулерді енгізуге мониторинг жүргізіледі.

Ұлттық ғылыми онкология орталығының құрылуы қатерлі ісік ауруын диагностикалау мен емдеуге бірегей әлемдік технологияларды тартуға мүмкіндік бередік. Сондай-ақ орталықта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, бірегей технологиялар бойынша радикалды емдеулер қолға алынады.

Осы және өзге де шаралар бүкіл республика бойынша тиімді онкологиялы көмек көрсету жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны