04.09.2015, 18:56 4823

Қазақстанда онкологиялық қызметті дамытудыӊ Жол картасы жасалады

Александр Эггермонтпен болған кездесуде ҚР ДСИМ Ұлттық ғылыми-медициналық орталық базасында сүйек кемігін трансплантациялау бөлімін ашу, сонымен қатар, пациенттердіӊ ауруын жеӊілдету бағдарламалары, химиотерапияны дайындау мен өткізу, химиотерапияға арналған препараттарды жасаудыӊ орталықтандырылған жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.

Астана. 4 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Гюстава Русси клиникасы онкологиялық кампусыныӊ Бас директоры Александр Эггермонт (Франция) пен Берлиндегі университет жанындағы "Шаритэ" медициналық комплексініӊ профессоры Гюнтер Хенце отандық мамандарға Қазақстандағы онкологиялық қызметті дамытудыӊ Жол картасын жасауға көмектеседі. Аталмыш келісім ҚР ДСИДМ-де өткен жұмыс барысындағы кездесулерде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен белгілі профессорлар арасында жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Александр Эггермонтпен болған кездесуде ҚР ДСИМ Ұлттық ғылыми-медициналық орталық базасында сүйек кемігін трансплантациялау бөлімін ашу, сонымен қатар, пациенттердіӊ ауруын жеӊілдету бағдарламалары, химиотерапияны дайындау мен өткізу, химиотерапияға арналған препараттарды жасаудыӊ орталықтандырылған жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ кездесу барысында тараптар таргеттік терапияны анықтау мақсатында молекулярлы-генетикалық, иммунды-гистохимиялық зерттеулерді жүргізуге арналған лабораторияны ашу мүмкіндіктерін, мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында онкоклиникаларды ашу, қазақстандық мамандарды MD/PHD және докторантура бағдарламалары бойынша оқыту мәселелері қарастырылды.

Гюнтер Хенцемен кездесу барысында ҚР-дағы балалардыӊ онкологиялық қызметін жетілдіру ісі талқыланды. Оніыӊ ішінде онкологиямен ауыратын балалар мен олардыӊ ата-аналарына арналған пансионаттар құрылысы, оларға паллиативтік көмек көрсетуді жетілдіру, Киль қаласындағы (Германия) референс-лабораторияда иммундық-гистохимиялық зерттеулерді растау, ісіктерді визуализациялау мақсатында республикалық балалар медициналық ұйымдарын сапалы әрі заманауи диагностикалық аппараттармен қамсыздандыру ісі талқыланды.

Кездесулердіӊ нәтижесінде профессор Александр Эггермонт Қазақстандағы ересектерге арналған онкологиялық қызметті дамыту бойынша, ал профессор Гюнтер Хенце Қазақстандағы балалар онкологиялық қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кеӊесші қызметін атқару туралы келісілді. ҚР ДСИДМ бұйрығымен екі профессор министрдіӊ штаттан тыс кеӊесшілері болып тағайындалады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны