04.10.2012, 14:09 3788

Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мереке болмақ

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңына осындай толықтыру енгізді.

Астана. 4-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 7-мамыр - Отан қорғаушылардың күні мемлекеттік мереке болмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңына осындай толықтыру енгізді.

Сол сияқты Жоғары Палата депутаттары Кеден Одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақшаны алып өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шартты ратификациялады. Аталған шартқа былтыр Мәскеуде қол қойылған. Оған сәйкес, кеденшілер құқық қорғау немесе басқа да уәкілетті органдар берген ақпаратқа сүйене отырып, қолма-қол қаражатты шекарадан алып өткізбек болғандарды тоқтата алады.

"Іс жүргізу, қолма-қол ақшаны алып қою, тыйым салу шешімін тиісті тараптың құқық қорғау органы қабылдайды. Тоқтатыла тұрған ақша сақтауды тиісті тараптың кеден органдары жүзеге асырады. Осылайша құжатта заңсыз жолмен алынған қаражатты жылыстатуға қарсы іс-қимыл, бірлескен шараларды жүзеге асыру шаралары айқындалады", деп мәлім етті ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны