20.09.2007, 17:37 3014

Қазақстанда отбасы мәртебесін көтеру бағдарламасы қабылданады - Самақова

Қазақстанда отбасы мәртебесін көтеру бағдарламасы қабылданады.

Астана. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда отбасы мәртебесін көтеру бағдарламасы қабылданады. Бұл туралы бүгін бүгін "ХХІ ғасырдағы бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі отбасылық саясат" атты халықаралық конференция барысында Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, ҚР парламентінің депутаты Айткүл Самақова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз республиканың әрбір аймағындағы проблемалар мен ерекшеліктерді талдау негізінде әзірленетін бағдарламаны қабылдаймыз",- деді А. Самақова. Ол сондай-ақ "аталмыш бағдарламаны дайындау процессінде осы салада үлкен жетістікке жеткен елдердің, атап айтқанда Норвегия, Нидерландия, Швецияның тәжірибелері зерделенетіндігін" түсіндіріп өтті.

А. Самақов атап өткендей, халық санағының мәліметтері бойынша, 1999 жылы Қазақстанда орташа құрамы 4 адамнан тұратын 3,5 миллионға жуық отбасы тіркелген. Қазіргі уақытта, оның айтуынша, отбасылар саны 4,3 миллионға дейін өскен, бірақ отбасылардың оташа құрамы өзгермеген. Депутат сондай-ақ, "отбасыларының 11 пайызы аналар мен балалардан тұрады". "Ийелдер өзі мен балаларының өмір сүруі үшін өздері жұмыс істеуге мәжбүр, сондықтан да біздің қоғамымызда гендерлік теңдік маңызды",- деп атап көрсетті ол.

А. Самақова Қазақстанда 2006 - 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы қабылданғандығын еске сала кетті. Онда отбасы институтын нығайтуыға, отбасылық қатынастардағы гендерлік теңдікке қол жеткізуге арналған арнайы бөлім бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны