06.06.2016, 18:52 3970

Қазақстанда өткір ішек инфекцияларыныӊ профилактикасы бойынша онкүндік басталды

Бүгін Қазақстанда өткір ішек инфекцияларыныӊ профилактикасы бойынша онкүндік басталды. Шара 2016 жылдыӊ 16 маусымына дейін жалғасады

Астана. 6 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанда өткір ішек инфекцияларыныӊ профилактикасы бойынша онкүндік басталды. Шара 2016 жылдыӊ 16 маусымына дейін жалғасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған онкүндіктіӊ мақсаты - өткір ішек инфекциясыныӊ таралу жолдары, инфекция жұғуыныӊ алдын алу жөніндегі шаралар, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау, балалар мен жасөспірімдерді жеке гигиенаны сақтауға дағдыландыру, азаматтардыӊ денсаулық сақтау және нығайтуда жауапкершілігін арттыру жөнінде халықтыӊ хабардарлығын арттыру.

Онкүндік аясында медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында (әрі қарай - МСАК) өткір ішек инфекцияларыныӊ алдын алу жөнінде гастроэнтерологтардыӊ, инфекционистердіӊ, педиатрлардыӊ, жалпы практика дәрігерлерініӊ және т.б. мамандардыӊ кеӊес беретін ашық есік күндері ұйымдастырылады. Сонымен қатар, МСАК мамандарыныӊ арасында өткір ішек инфекцияларыныӊ алғашқы белгілері мен оған көрсетілетін медициналық көмек туралы гастроэнтерологтыӊ қатысуымен семинар-тренингтер; мектеп жанындағы, жазғы сауықтыру лагерьлерінде, балалар үйлерінде, мектепке дейінгі ұйымдарда "Өткір ішек инфекциясынан қорғанамыз!", "Жеке гигиена өткір ішек инфекциясынан қорғану құралы!" тақырыбындағы ойындар, "Таза қолдар" флеш-мобтары және т.б. шаралар өткізіледі.

Өткір ішек инфекциялары - асқазан-ішек жолдарын улап, зақым келтіретін, іш өту және улану белгілері байқалатын аурулар тобы. Ауруды бактериялар, вирустар мен қарапайым микроорганизмдер қоздыруы мүмкін.

Антисанитариялық жағдайлар, жеке гигиена ережелерін сақтамау, дұрыс сақталмаған немесе даярланбаған зарарлы азық-түлікті тұтыну ішек инфекцияларыныӊ жұғуына әсер етеді.

Адамдар өткір ішек инфекцияларына тез шалдығады, әсіресе, сәбилер.

ҚР ДСИДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығыныӊ қауіпсіз тамақтанудыӊ маӊызды 5 қағидасын ұсынады: тазалықты сақтау; шикі азық-түлікті жылумен өӊделетін азық-түліктен бөлек ұстау; оларды жылумен мұқият өӊдеу; азық-түлікті қауіпсіз температурада сақтау; қауіпсіз су мен қауіпсіз шикі өнімдерді қолдану.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны