13.07.2012, 13:52 2877

Қазақстанда өзара сақтандыру және медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі институты құрылады

Оның атап өтуінше, аталған институтты құру Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты мақаласында берілген тапсырмаларын орындау аясында қолға алынбақ.

Астана. 13-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда өзара сақтандыру және медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі институты құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

Оның атап өтуінше, аталған институтты құру Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты мақаласында берілген тапсырмаларын орындау аясында қолға алынбақ.

"Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласына, нақты айтқанда, 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін, егер медицина қызметкері тарапынан салақтықпен немесе жүрдім-бардым қарау болмаса, азаматтың денсаулығына нұқсан келтіргені үшін дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті түрде қамсыздандыруды енгізу жөніндегі мәселені тапсырған болатын", - деп ескертіп өтті ол.

Адам өліміне әкелетін қиын жағдайларды білікті объективті бағалау жүйесін енгізу қажеттігін баса айтқан министр: "Барынша танымал әлемдік тәжірибе мен өзара сақтандыру қоғамын қалыптастыру тұжырымдамасына негізделген өзара сақтандыру және медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі институтын құру қажет", - деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны