05.10.2018, 16:09 5647

Қазақстанда паллиативтік көмек үшін дәрілік заттардыӊ тізімі кеӊейтіледі

Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі ағымдағы жылғы қыркүйекте қол қойды

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда паллиативтік көмек үшін дәрілік заттардыӊ тізімі кеӊейтіледі.

Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі ағымдағы жылғы қыркүйекте қол қойды.

Бұл бұйрықта бақылануға жататын есірткі құралдарын, психотропты заттарды және олардыӊ прекурсорларын медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, толықтырулар есірткілі анальгетиктердіӊ таблеткалық түрлерін жазып беру және дәріханалардан босату нормаларына байланысты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊұсынысы бойынша ауыр жағдайдағынауқастардыӊ ауырсынуын басатын инъекциялық емес дәрілік заттармен қамтамасыз ету қажет.

Яғни, ауыр жағдайдағынауқастарды инъекциялық емес анальгетикалық дәрі-дәпмекпен тегін қамтамасыз ету үшінесірткі заттар Морфинніӊ таблеткалы түріндегі өндірісі басталды, "СҚ-Фармация" ЖШС пациенттерді апиынды анальгетиктермен дәрілік қамтамасыз ету қызметтерін сатып алды.

Науқастарды есірткі заттар таблеткалық препараттармен қамтамасыз етілуі 2018 жылғы қазан айынан бастапмүмкін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны