19.10.2009, 11:38 3356

Қазақстанда парниктік газдарды тастауды басқарудың үйлесімді жүйесін құру қажет - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Қазақстанда парниктік газдарды тастауды басқарудың үйлесімді жүйесін құру қажет - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда парниктік газдарды тастауды басқарудың үйлесімді жүйесін құру қажет. Бұл туралы қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі Қанат Байғарин журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біздің мақсатымыз - Қазақстанда біздің саудадағы серіктестеріміз тарапынан қандай да бір наразылық болмайтындай жағдайда парниктік газдарды тастауды басқарудың үйлесімді жүйесін құру", - деді Қ. Байғарин.

"Қазақстан 2007 жылы шамамен 250 млн тонна көмірқашқыл газын тастады. Біз базалық жыл ретінде 1992 жылды таңдап алдық, ол кездегі көрсеткіш 340 млн тонна көмірқышқыл газы болған. Қазақстанда шамамен 80 - 90 млн тонналық қор бар. Біз өзіміздің келешек міндеттемелерімізден төмен мөлшерде газ тастаудамыз. Бұл тетіктерді түгел дәйектеп алуға мүмкіндік береді және 2013 жылы, тасталатын парниктік газдарды азайтудың жаңа режимі бекітілетін кезде, біздің экономикамыз оған дайын болуы қажет", - деді Қ. Байғарин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны