23.05.2016, 20:53 4623

Қазақстанда педофилдер туралы электронды мәлімет базасы іске қосылды

Соӊғы жылдары сексуалдық зорлық-зомбылық мәселесі күрт ушығып кетті. Исіресе, осындай зорлық-зомбылықтыӊ балаларға қатысты орын алу деректері қорқыныш туғызады. Бұлардыӊ себептері мен шарттары адамгершілік және құқықтық сипаттағы проблемалармен қатар туындайды

Астана. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Электрондық карта туралы мәліметті ҚР Бас прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Соӊғы жылдары сексуалдық зорлық-зомбылық мәселесі күрт ушығып кетті. Исіресе, осындай зорлық-зомбылықтыӊ балаларға қатысты орын алу деректері қорқыныш туғызады. Бұлардыӊ себептері мен шарттары адамгершілік және құқықтық сипаттағы проблемалармен қатар туындайды, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

Осыған байланысты, мемлекет қылмыстыӊ осы түрін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдады. Шетелдік тәжірибе де пайдаланылуда. Олардыӊ ішінде мысалы, педофилдер үшін шектеу шаралары, сонымен қатар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларыныӊ қосымша түрі ретінде химиялық кастрацияны қолдану енгізілді. Құқық қорғау органдарыныӊ назарына іліккен педофилдердіӊ орналасқан жерін бақылау жаӊа қылмыс жағдайларыныӊ алдын алуға мүмкіндік береді. Ол үшін ағымдағы жылдыӊ басынан бері кәмелетке толмағандарға құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды есепке алу және олар туралы мәліметтерді жариялау енгізілді. Бұл мәліметтер комитеттіӊ http://infopublic.pravstat.kz порталында қылмыскерлер туралы деректер көрсетілетін электрондық карта түріндегі "геоақпараттық жүйелер" бөлімінде қолжетімді. Осы ақпарат өзіӊізді және балаларыӊызды ықтимал қауіптен қорғауға көмектеседі. Осыған ұқсас карталар бірқатар шетелде де бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны