26.02.2008, 16:53 3371

Қазақстанда пилотты халық санағы жүргізілуде

Қазақстанда пилотты халық санағы жүргізілуде

Астана. 26-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қалалық әкімшілігінің аумағында 2008 жылдың 25-ақпаны мен 6-наурызы аралығында пилотты халық санағы жүргізілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің хабарламасында айтылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Статистика агенттігінің ақпараттарына сүйенсек, пилотты санақ Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылдың 28-қаңтарындағы № 1138 қаулысымен бекітілген 2009 жылы ҚР халқына ұлттық санақ жүргізу іс-шараларының жоспарын жүзеге асыру аясында жүргізілуде.

"Пилотты санақ жүргізудің мақсаты - халық туралы мәліметтерді тіркеуден оны өңдеуге дейінгі санақ жүргізудің маңызды кезеңдерінде байқалуы мүмкін кемшіліктер мен қиындықтарды анықтап, оны түзету болып табылады",- деп көрсетілген мәтінде.

Статистика агенттіктігінің мәліметтеріне сәйкес, халықты санау бағдарламасы мүдделі министрліктер мен мекемелерде талқыланып, оған ескертулер мен ұсыныстар қосылған.

Аймақтың атқарушы органдарының келісілген іс-әрекеттерін үйлестіру мен қамтамасыз етуді жүзеге асырып, санақ жүргізу және оған дайындық мәселелерін шұғыл шешу үшін Түркістан қалалық әкімшілігінде санақ жүргізуге көмек көрсету комиссиясы құрылған, оның құрамына қалалық әкімшіліктер мен ауылдық округ әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшылары кірген.

Санақ жүргізу жоспарының негізінде санақ мамандары ретінде 730 адам тарту қажеттілігі анықталып, әкімшілік аумағы 32 санақ бөліміне, 151 нұсқау учаскесіне, 511 есептеу учаскесіне бөлінді. Сонымен қатар, санақ жүргізу қызметкері ретінде жергілікті жерлерде санақ жүргізу және оған дайындалуға жауапты облыстың статистика басқармасының өкілдері қатысады.

Пилотты санақ жүргізу қарсаңында Түркістан әкімшілігінің әкімі Или Бектаев барлық ауылдық округтердің барлығында санақ жүргізу дайындығына тексеру жүргізіп, оның қорытындысы бойынша көмек көрсету комиссиясының мүшелерімен, ауылдық округтердің әкімдерімен, санақ жүргізу блімдерінің меңгерушілерімен және статистика органдарының мамандарымен жиналыс өткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны