11.05.2010, 18:00 6205

Қазақстанда полиомиелиттің пайда болуы мен таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шаралар күшейтілді

Қазақстанда полиомиелиттің пайда болуы мен таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шаралар күшейтілді

Астана. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда полиомиелиттің пайда болуы мен таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шаралар күшейтілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, дүниежүзінде полиомелитпен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты, Қазақстан Республикасының аумағында полиомиелиттің пайда болуы мен таралуының алдын алу жөнінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды күшейту мақсатында ҚР ДСМ Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы, Мемлекеттік бас санитариялық дәрігері Кеңес Оспанов "Қазақстан Республикасының аумағында полиомиелиттің пайда болуы мен таралуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды күшейту туралы" қаулыға қол қойды.

"Атап айтқанда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің (МСЭҚК) облыстардағы, Астана және Алматы қалалары департаменттерінің директорларына денсаулық сақтау саласының басты объектілеріне, оның ішінде қалпына келтіру және физиотерапиялық орталықтарға (кабинеттерге) аптасына кемінде 1 рет бару арқылы жіті енжар паралич (ЖЕП) жағдайларын белсенді іздеуді күшейту туралы тапсырма берілді",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, МСЭҚК-нің көліктегі департаменттерінің директорларына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде полиомиелит бойынша жағдайы қолайсыз елдерден келген жолаушыларға санитариялық-карантиндік бақылауды күшейту, полиомиелит бойынша жағдайы қолайсыз елдерден келген адамдарға инфекциялық ауру белгілері, оның ішінде полиомиелит белгілері білінген кезде, келіп тоқтаған жердегі аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық көмекке уақтылы жүгінуі жөнінде ақпарат беруді қамтамасыз ету тапсырылды.

"МСЭҚК департаменттерінің директорларына және облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының бастықтарына медициналық қарсылықтардың негізділігін, вакцинациямен аз қамтылған, көшіп келген адамдар саны көп аумақтарды, тіркелмеген адамдар мен халықтың шалғайдағы топтарын ескере отырып, әрбір педиатриялық учаске бойынша 5 жасқа дейінгі балалардың егілуіне талдау жүргізу тапсырылды.

Жасы бойынша вакцинациямен толық қамтылмаған адамдар анықталған жағдайда (3 дозадан кем) егулер арасындағы жиілік пен аралық (4 аптадан кем емес) ескеріле отырып полиомиелитке қарсы иммундауды қамтамасыз ету; көші-қон қызметінің аумақтық органдарымен бірлесіп Тәжікстан Республикасы азаматтарының мекен-жайларын, санын, егу анамнезін анықтау және есепке алу бойынша жұмыс жүргізу. Егілмеген және егілуі туралы құжаттамалық расталуы жоқ 15 жасқа дейінгі балаларға полиомиелитке қарсы вакцинация курсын (үш рет) жүргізу; Тәжікстан Республикасына және полиомиелит бойынша қолайсыз елдерге баратын адамдар жүгінген жағдайда, аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарында полиомиелитке қарсы қосымша иммундау жүргізу туралы тапсырма берілді.

Осы қаулының толық мәтіні ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында "Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінде" орналастырылған",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны