09.02.2015, 20:51 3747

Қазақстанда Ресейден бензин импортын шектеу жоспарланбаған - С.Мыӊбаев

Қазақстанда Ресей Федерациясынан ақшыл мұнай өнімдерін тасымалдауға шектеу қою жоспарланбаған, деп мәлімдеді бүгін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясыныӊ басқарма төрағасы Сауат Мыӊбаев ОКҚ брифингінде

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда Ресей Федерациясынан ақшыл мұнай өнімдерін тасымалдауға шектеу қою жоспарланбаған, деп мәлімдеді бүгін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясыныӊ басқарма төрағасы Сауат Мыӊбаев ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазіргі таӊда Ресейден тасымалданып отырған жағармайдыӊ көлемі индикативтік теӊгерімнен көбірек. Дегенмен, РФ-нан мұнай өнімдерін жеткізуге шектеу қою бойынша нақты шешімдер қабылданбаған. Мұндай шектеулер болмайды деген ойдамын", - деді С.Мыӊбаев, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Компания басшысыныӊ мәліметінше, РФ-нан ақшыл түсті мұнай өнімдерін жеткізу деӊгейі жылына 1 млн 800 мыӊ тонна деӊгейінде қалыптасты. Бұл деӊгей жыл сайын Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнай өнімдерініӊ индикативтік теӊгерімімен расталады.

Сондай-ақ, ҚМГ басшысы Қазақстанда бензин бағасы одан әрі төмендеуі мүмкін екендігін атап өтті.

"Бағалардыӊ одан әрі төмендеуі әбден мүмкін. Өйткені, қазіргі жағдай сыйымдылықтарды тезірек босатуға алып келуі мүмкін, оған қоса мұнай өӊдеу зауыттарыныӊ жүктеу көлемін Энергетика министрлігі мен мұнай өӊдеуші компания төмендеткен жоқ. Зауыттар ішкі нарыққа өздеріне белгіленген жеткізу көлемдерін орындауда, Қоймалар толғандықтан, бағалар одан әрі төмендеуі әбден мүмкін", - деп есептейді С.Мыӊбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны