14.02.2018, 12:53 5964

Қазақстанда республикалық Spelling Bee сайысы өтеді

АҚШ Елшілігі Қазақстанныӊ көптілділік саясатын қолдап, жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған екінші мәрте жыл сайынғы Spelling Bee сайысын өткізеді

Астана. 14 ақпан. Kazakhstan Today - АҚШ Елшілігі Қазақстанныӊ көптілділік саясатын қолдап, жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған екінші мәрте жыл сайынғы Spelling Bee сайысын өткізеді.

Сайыс жарыс арқылы жастар арасында ағылшын тіліне деген қызығушылықты туғызудыӊ қызықты жолы болып табылады. Spelling Bee сайысыныӊ аймақтық айналымдары Қазақстанныӊ 11 қаласында өтті. Астанада өтетін республикалық айналымда бақ сынау үшін әртүрлі аймақтардан 33 қатысушы келмек.

Spelling Bee сайысы 90 жылдық тарихы бар америкалық мәдениеттіӊ бір үлкен бөлігі болып табылады. Сайысқа қатысушылар аталған сөздіӊ әріптерін қатесіз айтып шығуы қажет.

Атап кететін болсақ, сайысқа жылдағыдай әр түрлі аймақтардан қатысушылар келеді, олардыӊ арасында тіпті туған қаласынан іріктеме сайыс өтетін қалаларға арнайы барып, қатысқандар бар. Мәселен, Семей мен Қызылорда қалаларыныӊ ойыншылары Павлодар мен Шымкентке барып бақ сынап, бірінші және үшінші орын иеленген.

Қазақстанда республикалық Spelling Bee сайысы сенбі күні 17-ші ақпанда, сағат 12:00-де Қажымұқан көшесі 11 мекен-жайында орналасқан Евразия Ұлттық Университетініӊ оқу-зерттеу корпусы №5, 2-ші қабат, конферец залда өтеді.

Қазақстандағы республикалық сайыстыӊ бес жеӊімпазы ортаазиялық Spelling Bee жарысында Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген жеӊімпаздармен додаға түседі. Орталық Азия Spelling Bee айналымы Алматы қаласында 2018-ші жылдыӊ 10-шы наурызында өтеді.

Республикалық айналымныӊ қатысушыларын қолдап, көруге келемін деушілерге есік ашық. Жанкүйерлер арасында сыйлықтар ойнатылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны