10.04.2007, 18:36 10189

Қазақстанда "Саябақтар шеруі - 2007" экологиялық іс-шаралары өтуде

Қазақстанда "Саябақтар шеруі - 2007" экологиялық іс-шаралары өтуде

АЛМАТЫ. 10 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда "Саябақтар шеруі - 2007" экологиялық іс-шаралары өтуде. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында мемлекеттік Іле Алатау ұлттық табиғи саябағының бас директоры Абай Бегембетов хабарлады.

"Бізде, республика ауқымында "Саябақтар шеруі" халықаралық іс-шарасы он бірінші рет өтуде. Бұл жылдан-жылға кеңейіп, оған қатысушылар саны өсіп келе жатқан табиғатты қорғау шарасы",- деп хабарлады А. Бегембетов.

Оның айтуынша, 10 жыл ішінде іс-шараға 65 мың адам қатысқан. Тек осы жылғы Іле Алатауы табиғи саябағындағы іс-шараға 10 мыңнан астам адам қатысады. Іс-шараның ең басты мақсаты тәрбиелік сипатта. "Азаматтарды бірегей табиғи кешендер мен нысандарды сақтау проблемаларына тарту, ұлттық саябақтар мен қорықтардың мәртебесін көтеру, оларға іс жүзінде көмек көрсету қажет",- деп атап өтті А. Бегембетов.

Оның сөздеріне сүйенсек, Орман және аң шаруашылығы комитетінің бұйрығына сәйкес, осы жылы "Саябақтар шеруі" 22-наурыз бен 22-мамар аралығында өтеді. Ол табиғи саябақтарға үкіметтің де үлкен назар аударып отырғандығын хабарлады.

"Бүгінгі күнде Іле Алатау ұлттық табиғи саябағының инфрақұрылымын дамытудың бас жоспары әзірленіп жатыр, ол 2008 жылдың соңына таман аяқталады. Бас жоспар негізінде кәсіпкерлерге қандай да бір туризм нысандарын салуға қатысу мүмкіндігі беріледі",- деп қосты ол. Оның айтуынша, Біріккен ұлттар ұйымы тарапынан ұлттық қорықтың барлық бетке ұстары жиналатын "сапарлар орталығын" құруға ақша бөлінген.

Сонымен қатар, "Алтын Емел" Мемлекеттік Іле Алатау ұлттық табиғи саябағының бас директоры Сауытбек Құрманәлиев аталмыш саябақтың аумағын кеңейту туралы шешім қабылданғандығын хабарлады. "Қазір саябақ аумағы - 520 мың гектар. 2008 жылдан бастап Жамбыл облысының аумағы 1 млн гектарды құрайтын Аңғасай кіші қорығы мен аумағы 509 гектарды алып жатқан Балқаш кіші қорығы қосылады. Сонымен қатар, келесі жылдан бастап Алматы облысының Жоғарғы Көксу ауданы бекітіледі. Барлығы 22 млн 254 мың гектар күзетілетін аумақ болады",- деп атап өтті ол.

С. Құрманәлиев мұндай үлкен аумақты күзету үлкен күшті талап етеді және де "Саябақтар шеруі" іс-шарасы аталмыш проблемаға адамдардың назарын аударуға мүмкіндік береді, деп атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны