05.02.2008, 17:44 8152

Қазақстанда "Салауатты өмір салты" бағдарламасы басталды

Қазақстанда "Салауатты өмір салты" бағдарламасы басталды

Алматы. 5-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеп, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылдың 21-желтоқсанындағы қаулысымен бекітілген 2008 - 2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір салты" бағдарламасы басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегі орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Орталықтың баспасөз қызметінен хабарлағандай, бағдарлама халықты сауықтыру, орташа өмір сүру жасын ұзартуды көздейді.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, бағдарламаны жүзеге асыру барысында қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасын 2010 жылы 68,1 жасқа дейін, 2013 жылы 69,7 жасқа дейін және 2016 жылы 71,3 жасқа дейін көтеру жоспарланған.

Сонымен қатар, бағдарламаның алғашқы сатылы міндеттерінің бірі - темекі тарту мен қауіпті мөлшерде ішімдік ішуді төмендету болып табылады. Бағдарлама аясында темекі тартуды 2010 жылы 19,3 пайызға, 2013 жылы 17,8 пайызға және 2016 жылы 16,8 пайызға қысқарту қарастырылған.

Ішімдік ішу деңгейі сәйкесінше 14,6 пайызға, 13,4 пайызға және 12,5 пайызға дейін төмендетіледі.

Бағдарламаның басқа да басым бағыттары: халық арасындағы артық салмақтың таралуын төмендету, "балаларға алты айға дейін омырау емізу деңгейін көтеру", жасанды түсік тастау санын төмендету, сонымен қатар негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулардан (жүрек-тамыр аурулары, жарақаттанушылық, онкологиялық және өкпе құрты) қайтыс болу деңгейін төмендету болып табылады.

Орталықтың баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 2008 - 2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір салты" бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсалатын жалпы шығын 2 млрд 737,6 мың теңгені құрайды, оның ішінде 219 млн 15,6 мың теңге - республикалық бюджеттен, 2 млрд 190 млн 722 мың теңге - жергілікті бюджеттер есебінен бөлінеді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, салауатты өмір салтын қалыптастыруға қатысты іс-шараларды аймақтардың денсаулық сақтау бюджетінен қаржыландыру көлемін кезең-кезеңмен, атап айтқанда 2009 жылы 1 пайызға, 2014 жылы - 2 пайызға және 2016 жылы - 3 пайызға өсіру қарастырылған. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 2006 жылы салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі аймақтардың денсаулық сақтау бюджетінен қаржыландыру көлемі денсаулық сақтауға жұмсалатын жалпы қаржының 0,15 пайызынан артық емес болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны