30.01.2008, 16:17 1658

Қазақстанда санитарлық авиация қызметі қалпына келтіріледі - Дерновой

Қазақстанда санитарлық авиация қызметі қалпына келтіріледі - Дерновой

Астана. 30 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық авиация қызметін қалпына келтіреді, деп құлағдар етті бүгін денсаулық сақтау министрлігінің коллегиясында ведомство басшысы Анатолий Дерновой.

"Медициналық көмек көрсету қызметімен қамтамасыз ету үшін, биылғы жылы санитарлық авиация қызметін дамытып, оны қалпына келтіру үшін қосымша шараларды қолға алатын боламыз ", - деді А. Дерновой.

"Биылғы жылдың мамыр айында Астанада медициналық кластердің құрамына кіретін жедел медициналық көмек көрсетудің ғылыми зерттеу институты тапсырылады. Бұл осы жұмысты ұйымдыстыратын орталық болады", -деп атап өтті министр.

Ведомство басшысы сонымен қатар жедел медициналық көмек қызметіне қатысты сын айтып, оның "жалпы денсаулық сақтау жүйесі жұмысының негізгі көрсеткіші" екенін айтты.

"Жедел көмек қызметінде көптеген ақаулықтар бар. Соның бірі- санитарлық көліктердің жоқтығы, кәсіби кадрлердің жетіспеушілігі, ұйымдастыру мен басқаруда қазіргі заманның тәсілдерін пайдаланбауы", - деп атап өтті осыған атысты министр.

Оның сөздері бойынша, "жедел көмек қызметін" ұйымдастыру жұмысының нашарлығын, азаматтар тарапынан жасалып отырған арыздар мен әлеуметтік сауалнамасының қорытындысы дәлелдеп отыр.

" Ақмола, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жедел көмек көрсету қызметі нашар қамтамасыз етілген. Көмек көп жағдайда екі рет шақырылып, медициналық қызметкерлердің кәсіби деңгейінің төмендігін байқатады ", - деп атап өтті А. Дерновой.

Министр атап өткеніндей, "бұл мәселеге қатысты облыстық департаменттер де үнсіз қалып, тиісті шараларды қабылдамайды".

Осыған байланысты А. Дерновой денсаулық сақтау департаменттерінің басшыларына жедел қызмет көрсету жұмысын жақсарту үшін, тиісті шараларды ұйымдастырып, таяу уақытта өзгерген жағдайды баяндап беруді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны