21.01.2010, 16:12 4365

Қазақстанда шегілетін шөп қоспаларын ел аумағына әкелуге тыйым салынды

Қазақстанда шегілетін шөп қоспаларын ел аумағына әкелуге тыйым салынды

Астана. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда шегілетін шөп қоспаларын ел аумағына әкелуге тыйым салынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде Қазақстан Республикасы облыстарының, Астана мен Алматы қалаларының, көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлеріне: жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың туындау және таралу қаупін тудыратын шегілетін шөп қоспаларын (микс) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салу; ішкі істер органдарымен бірлесіп (келісім бойынша) шегілетін шөп қоспаларын (микс) анықтау және айналымнан алып тастау бойынша бақылау-қадағалау іс-шараларын жүргізу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шегілетін шөп қоспалары (микс) анықталған кезде тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қабылдау туралы тапсырма берілді.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрқан Сәдуақасов "Санитарлық және эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы" 2010 жылғы 20 қаңтарда қаулы шығарды.

Ұсынылған материалдарды қарай келе ол "Genie", "Smoke relax your mind", "Rush", "Damiana chocolate", "Effya" және "Spice" сияқты шегілетін шөп қоспаларының (микс) халық денсаулығына қауіптілігі (құрамында психотропты әсер ететін тетрагидроканнабинолға ұқсас заттар бар); шегілетін шөп қоспаларын (микс) әкелу, өндіру, қолдану және өткізу кезінде жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың туындау және таралу қаупі анықталғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны