28.05.2013, 18:10 2740

Қазақстанда шегіртке зиянкестерімен күрес бойынша өңірлік штабтар құрылған

Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстарда шегіртке зиянкестерімен күрес бойынша штабтар құрылған. Оған республикалық бюджеттен 116 млн теңге бөлінеді.

Астана. 28-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда шегіртке зиянкестерімен күрес бойынша өңірлік штабтар құрылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстарда шегіртке зиянкестерімен күрес бойынша штабтар құрылған. Оған республикалық бюджеттен 116 млн теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, бүгіннің өзінде ауыл шаруашылық министрлігі 2 млн-нан астам гектар жерді өңдеу үшін облыстарға инсектицидтер жіберді, пестицидтер сатып алуға 1,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Бұдан өзге, бүгінгі таңда топтанған емес шегіртке зиянкестерімен күрес мәселесі өзекті болып қалуда. Ағымдағы жылы мұндай зиянкестерді 578 мың гектарда тарату күтілуде, 67 мың гектар жер өңделген.

Ағымдағы жылы оперативтік маусымда аса қауіпті зиянкес ағзаларды зерттеу үшін шегіртке зиянкестерінің жаппай тарауына ұшыраған аудандарға жіберілетін көлігі бар қосымша тексерушілер тартылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны