13.06.2018, 21:16 4924

Қазақстанда шілденіӊ бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленді

Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаӊғырту идеясыныӊ төӊірегінде одан әрі топтастыру мақсатында шілденіӊ бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын деп қаулы етемін. Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын,- делінген мәтінде.

Астана. 13 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда шілденіӊ бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаӊғырту идеясыныӊ төӊірегінде одан әрі топтастыру мақсатында шілденіӊ бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын деп қаулы етемін. Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. Осы Жарлықтыӊ орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентініӊ Икімшілігіне жүктелсін. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі",- делінген мәтінде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны