27.04.2009, 18:05 3301

Қазақстанда шошқа тұмауының таралу қаупі жоқ - Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда шошқа тұмауының таралу қаупі жоқ - Денсаулық сақтау министрлігі

Астана. 27 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда шошқа тұмауының таралу қаупі жоқ. Бұл туралы Республиканың Денсаулық сақтау министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық бақылау комитетінің төрағасы Анатолий Белоног бүгін мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Бүгінгі жағдаймен осынау ауыр жұқпалы дерттің таралу қаупі елімізде жоқ. Ол үшін барлық қажетті шаралар қолданылуы қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өңірлік орталығы растағанындай, шошқа тұмауын емдеуде "Тамифлю" препараты тиімді. Бұл дәрінің елімізде жеткілікті қоры бар. Қазақстан - ТМД елдерінің арасынан аталған дәрімен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген жалғыз ел", - деп мәлімдеді А. Белоног.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны