15.11.2011, 14:29 4044

Қазақстанда соңғы 10 айда 240 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған

Оның хабарлауынша, 2011 жылдың 10 айында 241,4 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 114,6 мың жұмыс орны - ауылдық жерлерде ашылған.

Астана. 15-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда ағымдағы жылдың 10 айында 240 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіхалықова мәлім етті.

Оның хабарлауынша, 2011 жылдың 10 айында 241,4 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 114,6 мың жұмыс орны - ауылдық жерлерде ашылған.

Таратып айтар болсақ, өнеркәсіп саласында - 26 мың, сауда саласында - 27,2 мың, құрылыс және коммуналдық шаруашылықта- 28,1 мың, ауыл шаруашылығында - 20,1 мың жұмыс орны ашылды. Құрылған жалпы жұмыс орындарының 168,4 мыңы - тұрақты жұмыс орындары, оның ішінде 67 мыңы - шағын бизнес саласында ашылды.

"2011 жылдың ІІІ тоқсанында экономикалық белсенді халықтың саны, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 272,8 мың адамға немесе 3 пайызға өсіп, 8,9 млн. адамды құрады", - деп хабарлады Г.Ибдіхалықова.

2010 жылдың ІІІ тоқсанында жұмыссыздардың саны 481,6 мың адамды, ал жұмыссыздық деңгейі - 5,6 пайызды құраса, 2011 жылдың сәйкес кезеңінде жұмыссыздардың саны 9,3 мыңға азайып, 472,3 мың адамды, ал жұмыссыздық деңгейі - 5,3 пайызды құраған.

Жергілікті атқарушы органдардың 1 қарашадағы мәліметтері бойынша, жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздардың саны 89,5 мың адамды құрады. Республиканың жұмыспен қамту органдарына барлығы 284,4 мың адам өтініш берген, олардың 190,5 мыңы немесе 66,9 пайызы - жұмысқа тұрғызылған.

Халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламаларына, "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына сәйкес 23,4 мың жұмыссыз -кәсіптік дайындауға жіберілген, 94,1 мың адам - қоғамдық жұмыстарға атсалысқан, 16 мың жұмыссыз - әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғызылған, 18 мың түлек "жастар тәжірибесімен" қамтылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны