10.07.2009, 16:11 2920

Қазақстанда сот төрелігімен әділеттілік орнатуда кері ағымдар одан әрі жалғасуда - Жоғарғы сот

Қазақстанда сот төрелігімен әділеттілік орнатуда кері ағымдар одан әрі жалғасуда - Жоғарғы сот

Астана. 10 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда сот төрелігімен әділеттілік орнатуда кері ағымдар одан әрі жалғасуда. Бұл туралы бүгін 2009 жылдың бірінші жарты жылдығанда сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша өткен судьялардың кеңейтілген жиналысында Жоғарғы соттың төрағасы Мұсабек Илімбеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Кейбір кері ағымдар мен факторлар сақталып отыр. Маңғыстау облысындағы экономикалық сотта сот төрелігімен әділеттілік орнату жағдайы жақсармай отыр. Онда апелляциялық сотта күші жойылған шешімдердің саны республика бойынша ең нашар көрсеткішке саналады", - деді ол.

Оның айтуынша, сондай-ақ, экономикалық соттардың сапасыз жұмыс істеу жағдайлары Батыс Қазақстан, Атырау және Қостанай облыстарында да байқалып отыр.

"Алматы және Астана қалаларының аудандық соттарында, сондай-ақ, әскери соттарда азаматтық істер бойынша әділеттілік орнату төмен деңгейде қалып отыр", - деді ол.

Сондай-ақ, Мұсабек Илімбековтың айтуынша, жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Алматы мен Астанада азаматтық істер бойынша процессуалдық мерзімді бұзу оқиғалары одан әрі жалғасын табуда. "Павлодар облыстық сотында бірінші инстанцияда қылмыстық істерді қарау бойынша оңды өзгерістер байқалмай отыр", - деді Жоғарғы сот төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны